АҚЫРЕТТЕ СЫЛТАУЛАР КӨМЕКТЕСПЕЙДІ

26 қазан 2023 2023 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Кімнің таңертең тұрғандағы алғашқы ойы дүние (дүниелік нәрсе) болса, (оған) Алла Тағаладан ешнәрсе (жәрдем) жоқ». (Хаким, «әл-Мүстәдрәк»)

 Қиямет күні бір құл (Алла Тағаланың дәргейіне) келгенде, оған:

«Маған ғибадат еткен құлдарымның қатарынан болуға саған не кедергі болды?» - деп сұрайды. 

Құл: «Уа, Раббым! Мені қиыншылыққа душар қылдың және әкімдер мен басшыларды басыма бәле қылдың. Олар менің құлшылығыма кедергі болды?» - дейді. Оған Юсуфті (а.с.) үлгі көрсетіп оған: 

«Сен ба әлде Юсуф па (а.с.) көп қиындыққа тап болды?» - деп сұрайды. Құл: «Юсуф (а.с.)» - деп жауап береді.

Оған: «Онда неге қиындықтар оның ғибадатына кедергі болмады» - деп сұрайды. 

Бай құл (Алланың дәргейіне) келеді. Оған: «Менің құлшылық қылған құлдарымнан болуыңа не кедергі болды?» - деп сұрайды. 

Құл: «Уа, Раббым! Мал-мүлкім көп еді» - деп шаруасының көптігін айтып,  санап шығады. Оған Сүлейменді (а.с.)  үлгі көрсетіп: «Жарайды, ең бай сен ба әлде Сүлеймен бе (а.с.)?» - деп сұрайды.

Құл: «Әрине, Сүлеймен (а.с.):» - деп жауап береді. 

Сол кезде: «Онда неге оның байлығының көптігі ғибадатына кедергі болмады?» дейді.

Науқас құл (Алла Тағаланың алдына) келеді. Одан: «Маған ғибадат жасауға не кедергі болды?» - деп сұрайды. 

Құл: «Уа, Раббым! Мені ауруға душар қылдың» - дейді. Сол кезде оған Әйюбті (а.с.) дәлел көрсетіп: «Ал қиындық пен ауруы көп сенікі ме әлде Әйюбтікі (а.с.) ме?» - деп сұрайды.

Құл: «Әлбетте Әйюбтікі (а.с.)» - дейді.

Сол кезде оған: «Онда неге зиян мен пәлекет оның ғибадатына кедергі болмады?» - дейді.

 

Пікірлер Кіру