ӘРБІР НӘРСЕНІҢ ӨЗІНДІК СИПАТЫ БАР

25 маусым 2024 1180 0
Оқу режимі

Шемседдин Сиваси (рах.) «Таңдаулы  төрт достың өмірі » кітабында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Әзіреті Әлиге (к.у.) мынадай насихат айтқанын жазады:

* Жасаған амалдары жаман болған адамның мынадай үш белгісі болады: Алла Тағаланың әмірін орындауда жалқаулық танытады. Алла Тағаланың құлдарына қиындық береді. Өзіне жақсылық жасағандарға жамандық жасайды.

* Салих құлдың үш сипаты бар: Ол Алла Тағалаға ізгі амалдар жасауға уәде береді. Білім алу арқылы дінін қуаттандырады. Өзіне қандай жақсылық қалайтын болса, өзгелерге де соны тілейді.

* Өз ісінің шеберлерінің бойында үш белгі бар: Аллаға мойынсұнуға, әмірлерін орындауға асығады. Алла Тағала харам еткен, тыйым салған нәрселерден аулақ жүреді. Өзіне жамандық жасағандарға жақсылық жасайды.

* Күнәһар адамда үш белгі бар: Ол көп қателеседі, көп кемшілік жібереді. Ол ойын-сауықпен уақыт өткізеді.  Ұмытшақтық оның бойына сіңген.

* Жүрегі қарайған адамның үш белгісі бар: Әлсіздерге мейірім көрсетпейді. Азға қанағат етпейді. Уағыз-насихат оған еш пайда әкелмейді.

* Шыншылдардың үш белгісі бар: Құлшылықтарын жасырады. Басына түскен қиыншылықтарды жасырады. Мұқтаждықтарын жасырады.

* Күнәһардың үш белгісі бар: Ол адамдар арасында іріткі салу мен араздықты жақсы көреді. Халықтың басына бәле, апат болғанын қалайды. Жақсылық жасаудан қашады.

* Тәрбиесі төмен, қасиетсіз адамдарда үш белгі бар: Жақындарын ренжіткісі келеді. Көршілеріне қиындық береді. Күнә жасағанды ұнатады.

* Ақыретте бақытсыз болатын адамның үш белгісі бар: Көп өтірік айтады. Өтірік уәде беріп, көп ант - су ішеді. Адамдарға қиыншылықтары мен мұқтаждықтарын айтып, оларға жүк болады.

* Жомарт адамның үш сипаты: Дұшпанын жеңуге шамасы келсе де кешіреді. Мал-мүлкінен зекет береді. Садақа бергенді жаны сүйеді.

 • Сараңның үш белгісі: Аштықтан қорқады. Қайыр сұраушылардан қорқады. Өзіне жақсылық жасаған адамға тілімен ғана жақсы сөз айтып, бірақ өзі жақсылық жасамайды.

 

Пікірлер Кіру