ӘРБІР НӘРСЕНІҢ ӨЗІНДІК СИПАТЫ БАР

26 маусым 2026 90 0
Оқу режимі

Шемседдин Сиваси (рах.) «Таңдаулы  төрт достың өмірі» кітабында Пайғамбарымыздың (с.а.у.) Әзіреті Әлиге (к.у.) мынадай насихат айтқанын жазады:

* Жасаған амалдары жаман болған адамның мынадай үш белгісі болады:

-Алла Тағаланың әмірін орындауда жалқаулық танытады. 

-Алла Тағаланың құлдарына қиындық береді.

-Өзіне жақсылық жасағандарға жамандық жасайды.

* Салих құлдың үш сипаты бар:

-Ол Алла Тағалаға ізгі амалдар жасауға уәде береді.

-Білім алу арқылы дінін қуаттандырады.

-Өзіне қандай жақсылық қалайтын болса, өзгелерге де соны тілейді.

* Өз ісінің шеберлерінің бойында үш белгі бар:

-Аллаға мойынсұнуға, әмірлерін орындауға асығады. 

-Алла Тағала харам еткен, тыйым салған нәрселерден аулақ жүреді.

-Өзіне жамандық жасағандарға жақсылық жасайды.

* Күнәһар адамда үш белгі бар:

-Ол көп қателеседі, көп кемшілік жібереді. 

-Ол ойын-сауықпен уақыт өткізеді.  

-Ұмытшақтық оның бойына сіңген.

* Жүрегі қарайған адамның үш белгісі бар:

-Әлсіздерге мейірім көрсетпейді.

-Азға қанағат етпейді.

-Уағыз-насихат оған еш пайда әкелмейді.

* Шыншылдардың үш белгісі бар:

-Құлшылықтарын жасырады. 

-Басына түскен қиыншылықтарды жасырады.

- Мұқтаждықтарын жасырады.

* Күнәһардың үш белгісі бар:

- Ол адамдар арасында іріткі салу мен араздықты жақсы көреді. 

-Халықтың басына бәле, апат болғанын қалайды.

-Жақсылық жасаудан қашады.

* Тәрбиесі төмен, қасиетсіз адамдарда үш белгі бар:

-Жақындарын ренжіткісі келеді.

-Көршілеріне қиындық береді.

-Күнә жасағанды ұнатады.

* Ақыретте бақытсыз болатын адамның үш белгісі бар:

- Көп өтірік айтады.

-Өтірік уәде беріп, көп ант - су ішеді.

-Адамдарға қиыншылықтары мен мұқтаждықтарын айтып, оларға жүк болады.

* Жомарт адамның үш сипаты:

-Дұшпанын жеңуге шамасы келсе де кешіреді.

- Мал-мүлкінен зекет береді. 

-Садақа бергенді жаны сүйеді.

 • Сараңның үш белгісі:

-Аштықтан қорқады.

-Қайыр сұраушылардан қорқады.

-Өзіне жақсылық жасаған адамға тілімен ғана жақсы сөз айтып, бірақ өзі жақсылық жасамайды.

 

 

 

Пікірлер Кіру