Балаларға арналған дәстүрлер ҚАЛЖА ДӘМІ

28 қаңтар 2025 461 0
Оқу режимі

Ер — ұлжадан ұлғаяды,

Қатын — қалжадан марқаялы.

Қалжа — қазақ мәдениетінде босанған әйелге арнап сойылған мал. Бұл дәстүрдің негізгі мақсаты — әйелдің денсаулығын қалпына келтіру, оны қолдау және оған құрмет көрсету. Қалжа рәсімі қоғамда босанған аналардың өміріндегі маңызды сәттерді атап өтуге арналған.

Қалжа дәстүрінің мәні

Босанған әйелге қалжа беру — оның әлсіз денесін қалпына келтіру, күш-қуатын арттыру, әрі оларға қажетті қоректік заттарды беру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл дәстүр әйелдерге ерекше қамқорлық көрсету, олардың психологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған ең озық дәстүрлердің бірі болып саналады.

Қалжа күш пен қуат

Қалжаны әйел босана салып атқарады

Ана аман-есен босанып, бала дүниеге келіп, сәбидің іңәлаған дауысы естілген заманда-ақ қалжа малы қуанышқа арнап шалынады. Қазақта “Қалжасыз қатын -олжасыз” деген тамаша тәмсіл сөз бар. Кейін бала ержетіп, біреу -міреулермен ерегесіп қалғанда” Менің де шешем бір қой қалжа жеген” деп шешсінің жеген қалжасынан рухани күш алып, белсене іске кірісіп кетеді.

Қалжа малы

Қалжа малын әйелі ауыраяқ болған күнен бастап, бір ақ сары бас қойды дайындап қояды. Ол қойдың құлағы шұнақ, мүйізі жоқ тоқал не аяғы ақса-тоқсақ болмауы шарт. Түсі жақсы, дені сау мал болғаны дұрыс. Егер ондай болмай кем-кетік, арық-тұрақ мал болса, қалжа жеген қатынның баласы да әлжаз, бозөекпе болып қалады деп ырым етеді.

Қалжаға сойылған қойың етін босанған әйел ауыз тимей тұрып, бпсқа әйелдердің жеуіне, ауыз тиуіне тыйым салады. Жалпы сойылған малдың еті, сорпасы және басқа да бөліктері босанған әйелге арналып дайындалады.

Ауылдастары мен жақындары әйелге қалжаны дайындау үшін жиналады. Олар босанған әйелге қолдау көрсету үшін жақсы ниетпен әрекет етеді.

Етті бөлісу

Босанған әйелге малдың оң жақ асық жілігінің етін күлдей ұсақ етіп, ыстық сорпаға турап беріледі. Бұл — дәстүр бойынша әйелдің денсаулығының қалпына келуіне, омырауынан сүт мол шығуына, қол-аяғын тез баурына алуына көмектеседі. Малдың мойын омыртқа сүйегін тойға келген әйелден мүжіп жеп, сүйегін бөлмей етін жеп болған соң, мойын сүйекті есік маңдайшасының үстінгі жағына іліп қояды. Ол бесіктегі бала мойны бекігенше сол жерде тұрады. Оның мәні сол сүйекті әйелдер көрген сайын баланың мойнын шығарып алмайық деп еппен ұстайтын болады.

Ырымдар мен дәстүрлер

Қалжадан ауыз тимей қалған әйелдер бір-біріне өкпелейді. Бұл олардың арасында шынайы қолдаудың белгісі ретінде қаралады. Бала көтермей жүрген әйелдер «қалжадан» дәм татып, «біз де бала көтереміз» деген ниетпен, ырым жасап жейді.

Кіндікті шеше атқарар жол

Қалжаны босанған әйелдің кіндік шешесі

дайындайды. Себебі босанан анасынан кейінгі балаға ең жақын анасы кіндік шешесі болып саналады. Сондықтан той спльы барысында кіндік ана ерекше құрметке ие болады. Сол себеті қалжа терісі де кіндік шешесіне беріледі.

Ритуалдық әрекеттер

«Баланың мойны тез бекиді» деген сеніммен, сойылған малдың мойын омыртқа сүйегі есік жақтағы оң керегенің басына іліп қойылады. Бұл — баланың денсаулығын қорғау мақсатында жасалады.

Дәстүрдің ерекшеліктері

Қазіргі қоғамда қалжа рәсімі дәстүрлі түрде өткізіледі, бірақ кейбір отбасылар оны заманауи тұрғыда атап өтуі мүмкін, яғни рәсімді мереке ретінде ұйымдастырып, көптеген адамдарды шақыруы мүмкін.

Қалжа дәстүрі қазақ халқында босанған әйелге арналып өткізілетін маңызды рәсімдердің бірі. Ол әйелдерге, әсіресе, босанған аналарға құрмет көрсету, қолдау білдіру, әрі олардың денсаулығын сақтау мақсатында жүзеге асырылады. Бұл рәсім қазақ мәдениетінің байлығын, дәстүрлерін және әйелдерге деген ерекше назар мен сүйіспеншілікті көрсетеді.

 

Болат БОПАЙҰЛЫ

 

Пікірлер Кіру