БАЙЛЫҚ ТУРАЛЫ БІР АУЫЗ СӨЗ
08 қыркүйек 2023
3480
0
Оқу режимі
Үлкен жиында бір бай кісі малының көптігін айтып мақтанып, отырғандарға қыр көрсетіпті. Сонда көпті көрген ақ сақалды қария баппен сөз бастап:
-Байеке, алыс сапарға шығып, құм аралап жолаушылап келе жатып қатты шөлдеп, тарығып өлер халге жеткенде, біреу бір кесе суды көрсетіп «Малыңның бәрін қисаңыз осы суды беремін» десе, сіз не айтар едіңіз?»-деп сұрақ қояды.
-Бір жұтым су үшін малымның бәрін беретін едім, әрине,-депті бай кісі.
-Көп малыңыздың құны-бір-ақ жұтым су болса, ондай байлықтың несіне мақтанып отырсыз?-деп қария басын шайқаған екен.
Пікірлер
Кіру