ДАНАЛЫҚ СӨЗДЕН ДӘН ІЗДЕ!

28 тамыз 2025 1534 0
Оқу режимі
  • * “Бұл халал, ал мынау харам” деп тәрбиелеу - Құдайдан қорқатын ұрпақ өсіреді. Ал “ұят болады” деп тәрбиелеу – жұрттан қысылатын, адамдардың алдында ненің ерсі, ненің дұрыс не бұрыс екенін ажырататын ұрпақ өсіреді. Сондықтан да, балаға тәрбие берерде ненің ұят екенін, ненің харам-халал екенін үйретсеңіз, ерсі қылықтардан ада, ешкімнің ала жібін аттамайтын ұрпақ жетіледі…
  • * Қоғамымызда сезім тапшылығы соншалықты, жылы сөз не кішкене мейірімділік көрсе, көп адам оны бірден “махаббат” деп түсінеді!
  • * Білім, түсінік, жаттау, оқыған кітаптарың қанша көп болса да, егер оны көркем мінезің сүйемелдемесе, ол ілімің өз есігіңнің табалдырығынан әрі аспайды!
  • * Махаббат тек екі тірекпен тік тұрады: Қамқорлық пен Құрмет. Бірі болмаса, ол - ақсап тұрған махаббат…
  • * Біреу жердің құрттын менсінбей қарап еді, құрт күліп тұрып: “Тәкәппар болма, адам! Ертең сен - менің тамағымсың!” деді…
  • * Ауа температурасы - нөл, қоқыс тазалаушы үсіп жүрсе де, саған қарап күлімсірейді. Ал кейбіреулер - жылы жерде, жайлы кеңседе отырса да, мінезі - нөлден төмен!
  • * Көшеге тастаған әрбір қоқысың - қала тазалығынпн қам жеп жүрген жүрген жұмысшыға ауыр салмақ. Рақыммен қара!
  • * Исламдағы ең ұлы сабақ - көркем мінез. Егер сенің мінезің көркем болмаса, Исламнан не үйрендің?
  • * Бір дана айтқан екен: “Мен әйел затындай қадірлі жаратылысты көрмедім. Бала кезінде - әкесін жәннатқа жетелейді, бойжеткенде - күйеуінің дінін кемел етеді, ана болғанда - аяғының астында жәннат жатады.”
  • * Қызық жаратылыспыз: қатты армандаймыз, оған жеткен соң қадірін жоғалтамыз, жоғалтқан соң қайтадан аңсап, зар боламыз!
  • * “Нәпсімен күрес” – айтуы оңай, істеуі қиын, тек Жәннатты көз алдына елестеткен, Раббысының мейірімін сезінген шын мұсылман ғана соған шыдай алады.

Abdulakhad Smanov

 

Пікірлер Кіру