ДІНИ СЕНІМ – БАРШАҒА ОРТАҚ, АЛ, ДІНИ ТАНЫМ – ҰЛТҚА ҒАНА ТИЕСІЛІ

29 қараша 2024 282 0
Оқу режимі

”Кешегі кеңестік дінсіздендіру, ұлтсыздандыру идеологиясының салдарынан ауызға да ілінбей, ұмыт бола бастаған рухани мұраларымыз қайта жаңғырып жатыр. Қазақтың елі өз алдына дербес ел болды.

Қазір бізде қазақ проблемасынан басқа проблема жоқ. Себебі, қазақ тірі деген сөз. Біздегі діни таным туралы мәселелердің жиілігі қазақтың діни санасының өлмегендігін көрсетеді. Өзі дін құбылысы төрт қабаттан тұрады – діни сенім, діни сана, діни тәжірибе және діни таным. Осы жердегі діни сенім ол арабқа да, парсыға да, түрікке де, баршаға ортақ, ал діни таным ортақ емес, ол – ұлтқа ғана тиесілі. Себебі, діни танымда кеңістік пен уақыт, базис пен қондырма сияқты рөл ойнайды... Ал діни тәжірибе, ол – тарих. Діни сана, ол – ҚАЗАҚ.

Ислам діні – ең бейбіт дін. Одан қорқудың керегі жоқ. Бізде қоғамдық институт исламды саясиландыра алмайды. Оған біздің құқықтық құрылымда ешқандай негіз жоқ.

Өкінішке орай, қоғамда дін құбылысы ар, иман, махаббат деген рухани мәнмен емес, керісінше сыртқы формамен, т.б. нормалармен танылып жүр.

Бүгінде діндарлықты дауға айналдырып, балақты шорт кесіп, қап-қара жамылғы киіп жүргендер де бар. Ал дін деген киіммен емес, жүрекпен өлшенеді. Құранда солай дейді. Осыны түсінбей жүрген біршама қандастарымыз бар екені өкінішті, әрине”.

Досай КЕНЖЕТАЙ

 

Пікірлер Кіру