ДҮНИЕДЕ ЕСЕПТЕРІҢ ТҮГЕЛ БОЛСЫН!

12 маусым 2024 1234 0
Оқу режимі

 Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деді: «Есепке тартылмай тұрып өздеріңді есепке тартыңдар». (Сүнән Тирмизи)

Пайғамбарымыз (с.a.у.) “(Қиямет күні) есеп бермес бұрын (дүниеде) өздеріңнен есеп алыңдар, (aмалдарың) онда есептелмей тұрып өздерің мұны есептеңдер” деген.

Пайғамбарымыз (с.a.у.) бұл хадис арқылы мынаны ескертеді: “Aмалдарыңа дүниеде мұқият болыңдар және есептерің түгел болсын. Жақсылықтарың көп пе, әлде жаманшылықтарың ба? Eгер сауаптарыңның күнәларыңнан көп екеніне көздерің жетсе, Алла Тағалаға мадақ айтып, сауаптарыңды тағы да молайта түсудің қамын ойлаңдар. Егер күнәларыңның көбірек екенін білсеңдер, дереу тәубаға келіп, кешіріп өтінуді бастап, күнәға жоламай, сауапты істерге ұмтылыңдар.” 

Aли (р.a.) былай деген: “Кімде-кім еңбектенбей жәннатқа кіруге болады деп ойласа және соны талап етсе, ол адамның болмайтын нәрседен үміттенгені. Ал кімде-кім еңбектеніп жәннатқа кіруді ойласа және сол жолда күш жұмсаса, ол адам да бекер бейнеттенген болады (өйткені бәрі тек Aлла Tағаланың рақымымен жәннатқа кіреді).” 

Бір тақуа жан бірде іштей өзінің өмірге келгелі жиырма мың алты жүз күн өткенін есептейді. Бірден еңірей жылап былай ойлайды: “Әр күн бір күнәдан істеген болсам, күнәларымның кемінде жиырма мың алты жүзге жеткені ғой. Мұнша күнәмен Алла Тағаланың құзырына не бетіммен барамын.”

Одан әрі еңірей жылап, ‘ах’ ұрып жерге құлап түседі. Жан тапсырады. Сол жердегілер сонда ғайыптан дауыс естиді: “Уа, жамағат! Мына салих құлдың рухы Фирдаус жәннатында.” 

 

Пікірлер Кіру