ДҮНИЕГЕ СҮЙІСПЕНШІЛІКТІҢ ЗИЯНЫ

19 наурыз 2024 1742 0
Оқу режимі

Расулуллаһ (с.а.у.) айтқан: “Aраларыңда екі масаңдық; надандықтың мастығы және дүниеде рақат өмір сүру пиғылының мастығы пайда болмайынша, сөз жоқ, сендер Раббыларың жіберген бәййинә (Кітап және сүннет) бойынша жүресіңдер. Сендер (бұл күйлеріңде) жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тиясыңдар және Aлла жолында күресесіңдер.

Aл араларыңда дүниеге сүйіспеншілік тараған кезде болса, жақсылыққа бұйырмайтын, жамандықтан тыймайтын және Алла жолында күреспейтін боласыңдар. Міне, сол кезде Кітап пен сүннет бойынша бұйыратындар мұхажирлер мен ансардың ең озықтарындай (сауап алатын) болады”.

Надандық пен дүниеге сүйіпеншілік масаңдыққа ұқсайды; ақыл-сезімді әлсіретеді, ақиқатты түсінуге бөгет болады, парасат көзін тұмшалайды. Адамның сөйтіп өзіне пайдалы нәрсеге миы жетпейді, одан алыстап, зиянды нәрселермен шұғылдана бастайды. Осылай жақсылықты білмегендіктен және мазамды алады деген оймен оған бұйырмайды, жамандықты пайда санап, одан тыймайды. Қайырдан сырт айналады. Алайда ақыретте надандық үзір ретінде қабылданбайды. Өйткені надандық ақиқатты білуден бас тарту деген сөз.

Міне, осындай заманда Кітап пен сүннет арқылы амал жасап жақсылыққа бұйырып, жамандықтан тиятындар асхаб кирамға ұқсайды. Өйткені асхаб кирамның ізгілігі мен артықшылығының бір себебі де Кітап пен Сүннет бойынша амал жасауында.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) “Сен дүниеде құдды бір ғаріп немесе жолаушы тәрізді күйде бол” деген.

Шүбәсіз, барша адамзат мына дүниеде уақытша өмір сүруде, бәрінің де баратын жерлері ақырет әлемі. Олай болса, адам мына дүние өміріне алданбауға тиіс, ғапылдыққа, сауық-сайранға берілмеуі керек. Мына дүниелік өмір үшін ақыреттік өмірді зая қылмау керек. Дүниеде жүргенде өзіне жүктелген міндеттерін орындап, ешкімнің құқығына қол сұқпау қажет, нәпсі мен құлқыннан сақтану керек. Басты мәңгілік тұрағымыз ақырет әлемі үшін қажетті нәрселерді әзірлеуге күш салу қажет. Кейін өкініш пайда бермейді.

Пікірлер Кіру