ҒИБРАТТЫ СӨЗДЕР

18 сәуір 2024 3113 0
Оқу режимі

-Жақсылықты--жақсы  адам  ғана  бағалай  біледі.

-Жүрегі  таза,  ниеті  дұрыс  адам  еш  уақыт  өзгеден  кір  іздемейді.

-Кешірімді  кісі  ғана  ірі  адамға  айналады.  Өйткені,  оның  жүрегі  кең,  өрісі  биік!

-Бірінші  болып  кешірім  сұрау  әлсіздікті  білдірмейді.

Кішірею  төмендеу  емес.

-Адамның  кемшілігіне  қарамай  сыйласа  білу  нағыз  адамдықтың  белгісі.

-Егер  жақсы  өмір  сүргің  келсе  жақсы  адамдарды  ізде,  ал  жақсы  адам  тапқың  келсе  жақсы  сөйлеп  жақсылық  жаса.

-Адалдық  деген--ешкімге  қиянат  жасамай,  таза  еңбегімен  күн  көру.

-Басқалардың  бақытына  қуанып  жүретін  адам  бір  күні  өзі  де  бақытқа  жетеді.

-Сыйластық  пен  адалдық  бар  жерде  үлкен  махаббат  пен  шайқалмас  шаңырақ  болады.

-Ешқашан  біреуді  қарғап  сілемеңіз,  бұл--өте  жаман  қасиет.

-Ешқашан  ешкімді  қызғанба,  Алла  ризықты  әркімге  әрқалай  нәсіп  етеді.

-Адам  қызғаныштан  тез  қартаяды,

Реніштен  ауру  пайда  болады,

Ашушаң  жүдегіш  келеді.

-Ниет  тілден  емес,  жүректен  шығуы  керек.

-Жүрек--мейірім  мен  жұмсақтықтың  мекені.

-Адамды  тәрбиелейтін  қаталдық  емес,  мейірім.

-Ұйықтар  алдында  бәрін  кешіріп,  таза  жүрекпен  ұйықтаңыз..

-Көрсеткен  құрметің  үшін--құрметтелесің.

-Қадіріңді  кетірме,  ол--сенің  таптырмас  байлығың.

-Кімнің  кім  екенін  басыңа  іс  түскенде  білесің. . .

-Жастар  үлкендер  алдында,  Үлкендер  жастар  алдында  өздерін  әдепті  ұстағандары  жөн.

-Әр  қиындықта--жеңілдіктер,

Әр  көз  жаста--қуаныш,

Әр  сабырлықта--абырой  жасырылған.

-Бақыт:  Жарыңыздың  адалдығы,

Бала  шағаңыздың  амандығы,

От басыңның  татулығы.

-Қыз  деген: 

Ренжіту  үшін  емес--еркелету  үшін,

Айғайлау  үшін  емес--аялау  үшін,

Алдау  үшін  емес--армандау  үшін,

Ұру  үшін  емес--сүю  үшін  жаралған.

-Қыздың  сұлулығы--оның  тәрбиесінде,

ұяттылық  сезімінде,

алған  білімінде,

сабырлығында,

кшіпейілділігінде,

қарапайымдылығында.

-Адам  басына  бақтың  қонғанын  білмейді,  ұшқанын  біледі.

-Ашу  ақылсыздықпен  басталып,  өкінумен  аяқталады.

-Өмірдің  ащысын  көп  татқан  адам--тәттінің  қадірін  біледі.

-Ертеңгі  жетістік  бүгінгі  қиындықтар  мен  қолайсыздықтарға  негізделген.

-Қиындық  көрмеген  адам  бақыттың  не  екенін  білмейді.

-Алдыңа  мақсат  қой,  сол  мақсатқа  жету  үшін  күресе  біл.

Өміріңнің  сапасына  өзің  жауаптысың!

-Өзгенің  қателігін  сынаған,  өзінікін  байқамайды.

-Өзгені  төмендеткеннен  өзің  биік  боп  қалмайсың.

-Бәрін  түсіндіруге  болады,  бірақ  бәріне  емес.

-Сізге  өсек  айтқан  адам  сіз  туралы  да  өсек  айтады.

-Ақылды адам біреудің кем-кетігін өзі түзеп жүреді,

Ақымақтар біреудің кем-кетігін жіпке тізіп жүреді.

-Адам  біреуге  риза  болса  кемшілігін  көрмейді,

Береуге  ренжісе  жақсылығын  көрмейді.

-Біреулер  уақытты  жеткізе  алмайды,

Біреулер  уақытты  өткізе  алмайды.

-Адамның  көңіліне  қарап  сөйлеу--адамгершілік  белгісі.

-Сөзді  айтқанша  сөзге  сіз  қожайынсыз,  айтылған  соң  сөз  сізге  қожайын.

-Басқалар  сені  тоқтатқанша  сөйлегеннен  гөрі--өзіңді  сөйлеткенше  үндемей  отырғаның  әлдеқайда  артық.

-Адам  басындағы  мың  ойға  емес,  аузынан  шыққан  бір  сөзге  жауап  береді.

-Өзіңе  қатысы  жоққа  араласпа.

-Өзіңнің  қандай  екеніңді  сөзіңмен  емес,  ісіңмен  көрсет.

-Кешірімді  екен  деп  ренжіте  беруге  болмайды.

-Тілім  бар  деп  сөйлей  беру  қадіріңді  жоғалтады.

-Сыншылдан--күншіл  мен  міншіл  көп.

-Сараң--алғанына,  жомарт  бергеніне  қуанады.

-Сөйлей  беретін  адам  көп,   сөйлей  білетін  аз.

-Ақыл  айтатындар  көп,  қол  ұшын  беретіндер  аз,

Сын  айтатындар  көп,  жол  көрсететіндер  аз.

-Өмірге  наразылық  танытқанша,   өміріңді  мәнді  етіп  сүруге  ұмтыл.

-Қолдағы  барыңды  бағалай  біл!  Әйтпесе  ертең  оданда  айырлып  қалуың  мүмкін.

-Қанағатшыл  адам--ең  бай  адам.

-Қолында  дымы  жоқ  емес,  ылғи  жоқ  дей  беретін  адам  кедей.

-Ақшасы  жоқ  адам  кедей  емес,  арманы  мен  мақсаты  жоқ  адам  кедей.

-Байлық  пен  кедейліктің  шекарасы  ақша  емес,  шекарасы  қанағат.  Кім  қанағат  қылса  ол  өзін  әрқашанда  бай  сезінеді!

-Біреу  тірі  жүрсе  де  жоқ  сияқты,

Біреу  өліп  қалса да  бар  сияқты.

-Тағам  көп  болса--тойдырады,аз  болса--тәрбиелейді.

-Ұлттың  әкесі  тарих,  анасы  тіл,  қаруы  салт-дәстүр!!!

-Өмірдегі  жеті  керемет:  Көру,  есту,  сезу,  сөйлеу,  ойлау,  қуану,  және  сүю.

-Өзіңді  қадірлегің  келсе,  қадіріңді  білмейтін  адамдардан  аулақ  бол!

-Ешкімге  кім  екеніңді  дәлелдеп  әлек  болма.  Сенің  жаман  жағыңды  көргісі  келген  адам,  бәрібір  жақсы  жақтарыңды  көре  алмайды. . .

-Жаныңда  жүріп,  жүрекке  кіріп,   өтірік  күліп,  сырыңды  біліп,  ішіңді  тіліп  кететіндерден  сақтан.

Пікірлер Кіру