ҒҰЛАМАНЫҢ ЖАУАБЫ

03 маусым 2026 86 0
Оқу режимі

Бір қалың орманда, өте ақылды ғұлама өмір сүріпті, көптеген адамдар іздеп барып, ақыл кеңес алып сұқбаттасып қайтады екен. Алайда үлкейе келе, көп сөйлемейтін, үнемі ой үстінде отыратын жағдайға жетіпті.

Келген адамдар, көңілдеріндегі сұрағын қойып, сағаттар бойы жауабын күтіп, шыдамы таусылғасын кетіп қалады. Сондай күндердің бірінде, қолында ауыр жүгі бар, бір кісі келіп, орманға жақын маңдағы қалалардың біріне барар жол сұрапты. Ғұлама орнынан атып тұрып

 — Мына жолға түсіп аласызда, алдыңыздан жол айырығы шыққанша жүріп отырасыз, содан оң жақтағы жолмен жүресеңіз кішкене өзенге тірелесіз, сол өзенді жағалай көпірге жеткенше шығысқа жүре бересіз, Сол көпірден өтсеңіз ар жағында қала көрініп тұр. Ал менің шәкіртім, қол жүгіңізді көтерісуге көмектеседі— деп егжей тегжейлі түсіндіріпті. Жолаушы рахметін айтып ғұламаның шәкіртіне еріп кете беріпті. Біраздан соң қайтып келген шәкірті:

— Ұстаз сіз дұрыс өмірлік мәні бар сұрақтарға жауап бермей, үндемей отыратын едіңіз ал бірақ, жаңағы қарапайым жол сұраған жолаушыға, жауап беріп, анықтап түсіндіргеніңізге жол болсын, неге? деп сұрапты.

Сонда Ғұлама:

— Маған келушілердің көбісі жандарына не керек екенін өздері де білмейді.  Өмірдің мәні неде? деп өздерінің өмірінің мәнін, менен сұрайды, Бақыт деген не? оған барар жолды сұрайды. Мен көрсеткен Мән мен Бақыт оған үйлесеме жоқпа онымен шаруасы жоқ. Сондай өздеріне не керегін білмей жүрген жандарға жауап бере жалықтым, ал жаңағы жолаушы өзіне керек нәрсені ғана сұрады, алдына сол қалаға жетем деп мақсат қойған, мен тек соған жетер жолды ғана көрсеттім—деген екен.

Мақсат қойып, соның жолына шыққан екенсің" Анау не?, мынау неге былай?,

Осылай болу керек пе?" деген жауабы жоқ сұрақтарға алаңдамай алға жүре бер.

Өмір сенікі. Мақсат сенікі, Оған кетер Уақыт сенікі.

 

М. Кенжебаев. Бейнеу.

Пікірлер Кіру