ИСЛАМНЫҢ ЖҮРЕКТЕРДІ ЖАУЛАУЫ

17 қазан 2024 110 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: لَا يَبْلُغُ عَبْدٌ حَقِيقَةَ الْإِيمَانِ حَتَّى يَخْزُنَ مِنْ لِسَانِهِ. (طص)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Бір құл тілін (жалған, пайдасыз сөзден) сақтамайынша кемел иманға қол жеткізе алмайды”. (Taбарани, әл-Mужам ус-сағир)

Исламның алғашқы жылдарында жау болып, кейін мұсылман болған және діннің таралуына көп қызмет еткен мәшһүр тұлғалар бар. Мысал үшін:

Әбу Сүфиян ибн Харб (р.a.) Meкке мүкәррәмәға мұсылмандар келерде Исламды қабылдап, қаланың берілуіне көп көмегі тиген. Кейін Хунәйн соғысына және Таиф қоршауына қатысқан. Хулафа Рашидин заманында Йәрмүк соғысында жүз елу мың кісілік Византия армиясымен ұрысқан жетпіс мыңдық Ислам әскерінің қатарында болған, оларға күш-қуат беру үшін Құран кәрім оқып тұрғанда жараланып, бір көзінен айрылған.

Халид ибн Уәлид (р.a.) Худәйбийә келісімінен кейін Пайғамбарымыз (с.a.у.) умра жасаған жылы Исламды қабылдаған. Meкке мүкәррәмәны алуға қатысқан, қалаға кірерде жаудың шабуылына ұшырап, қарамағындағы жасағымен оларды ыдыратқан. Арабияның біраз жерін пұтқа табынушылықтан тазартқан, Сәйфуллаһ атағын иемденген, Византия және Иран елдерін бағындырған Ислам әскеріне қолбасшылық еткен. 

Пайғамбарымыздың (с.a.у.) немере туыс әрі сүт бауыры болған Әбу Сүфиян ибн Харис Meкке мүкәррәмә мұсылмандарға берілмей тұрғанда Исламды қабылдаған. Ұяттан басын көтеріп Пайғамбарымызға (с.a.у.) қарай алмаған. Meкке мүкәррәмә берілгенде Пайғамбарымызбен (с.a.у.) қатар жүрген. Хунәйн соғысында мұсылмандар шегінген алғашқы кезеңде әскер қайта есін жиғанша Пайғамбарымыздың (с.a.у.) қасынан бір елі ажырамағандардың бірі. Пайғамбарымыз ол үшін қайыр дұғасын жасап,  жәннатпен сүйіншілеген: “Сені Хамзаның орнын басатын болатын шығар деп үміттенемін” деген. 

Уахши өкініп істеген қылмысына орай, иманының қабыл болып-болмайтынын Пайғамбарымыздан (с.a.у.) сұратады және жауап алған соң Исламды қабылдап, түрлі соғыста Исламға қызмет еткен. Тіптен дін дұшпаны Mүсәйләмә Кәззабты өлтірген, “Мұсылман болмай тұрып адамдардың қайырлысын (Хамзаны) шейіт қылдым, ал мұсылман болған соң адамдардың ең жауызын өлтіруге қол жеткіздім” деген.

Пікірлер Кіру