КЕРЕМЕТ АЙТЫЛҒАН ЕКЕН!

04 маусым 2024 1415 0
Оқу режимі

Жүрегінде иманы бар, аузында кəлимасы бар жан болғың келсе:

-Қазіргі заманда адамның қандай екенін білу ушін қолына ақша мен билік беру керек.

-Ешқашан биік шыңға шықтым деп асып тасудың керегі жоқ, аяғың сәл тайып кетсе жерден табыласың.

-Кiмнің кiм екенін басыңа іс түскенде білесің.

-Ешқашан ешкімнен кек алма, жәй ғана кешіре сал. Алла Өзі біледі оған қандай жаза берерін.

-Қиындықтар - өткен өміріңнің жазасы емес, жарқын болашағыңа берілген сынақ.

-Көп адамдардың бетiндe - көрінбейтiн маска бар.

-Адамды кедейлік немесе байлық құртпайды, көреалмаушылық пен қызғаншақтық құртады.

-Өзгені төмендеткеннен өзің биік боп қалмайсың.

-Жаның ауырып тұрса да, күлімде. Сенің жағдайыңды өзіңнен басқа ешкім түсінбейді.

-Адамның сәттіліке жетуін оның қанша жетістікке жеткенімен емес, оның осы жолда қанша қиыншылықтан өткеніне қарап бағалау керек!

-"Адамдар не ойлайды?" деген сұрақ ең соңғы орында тұруы керек. Бәріне бәрібір. Өмір — сенікі ғой.

-Өзін өзгеден жоғары қойған адамдарды тағдырдың өзі төменге түсіреді.

-Бағың жанып, тасың өрге домаласа, арзанқол достар мен дұшпандарың көбейеді

-Ешқашан ақталма. Достарың ақталуыңды талап етпейді. Дұшпандарың бәрібір сенбейді.

-Уақыттың қадірін өлім түсіндіреді, Өмірдің қадірін көрің түсіндіреді. Сезімнің қадірін сенім түсіндіреді. Сөзінңің қадірін білім түсіндіреді. Бардың қадірін жоғың түсіндіреді. Бақтың қадірін сорың түсіндіреді

-Жақындарыңызға айтқан ауыр сөздеріңіз олардың жүрегіне шегедей қағылатынын біліңіз. Ол шегені кешірім сұрап алып тастасаңыз да, орнында ойық қалады. Сондықтан шын жақсы көретін адамдарға көңіліне тиетін сөздер айтпаңыз.

-Өмірдің қиындығын көп көрген - көп нәрсеге қол жеткізеді.

Өмірдің ащысын көп татқан адам - тәттінің қадірін біледі.

Өмірде көз жасы көп төгілген адам - шынайы күле алады.

ӨМІР - ең үлкен ұстаз.

-Егер Құдай басыңа қиыншылық берсе - сенің жеңе алатыныңа сенгені.

-Біреуді өсектемес бұрын, оның киген аяқ-киімің киіп, оның жүрген жолымен жүр. Оның жолдағы шалынған әр тасына шалын. Оның бар ауыртпалығын сезін. Сондан кейін ол туралы өсек айт.

-Мен әлемдегі ең керемет ананың перзентімін

"Ана" – әрбір адамның жарық дүниедегі ең жақыны, жанашыры, қадірлісі, қамқоршысы ақ сүтін беріп аялаған жанын да аямаған ардақтысы.

-Егер сізді өсектесе, қамықпаңыз. Біліңіз - құрттар тек дәмді жемістерге жабысады!

-Неліктен жылаған кезде, адам жеңілдеп қалады?! Себебі көз жастармен бірге қайғы, өкпе мен реніш шығып кетеді.

Реніш кетеді, ашу басылады. Бірақ көңілің ешқашан баяғыдай болмайды.

-Ауыздан шыққан әрбір сөзге ие бол.Ол сөз - біреудің кеудесін тесер оқ болса, енді біреуге жан-жарасын емдейтін шипа болады.

Адамның санасы қаншалықты төмен болса, ол мұрнын соншалықты аспанға шүйіреді.

-Ұлың болса ұрының үстінен күлме!

Қызың болса жезөкшенің үстінен күлме!

Кедейге күлме, сақауға сауал беріп, күліп жауап күтпе! Кереңді керең деме, жындыға тас атпа, қайтымы болады, күнәға батпа!

Жылап жүрген бейшараға күлме, алдыңнан келуі ғажап емес.

-Шын ниетпен жақсылық жаса, қайтымын күтпе!

Біреудің киіміне қарап өз бағаңды көтерме, мүмкін оның жан дүниесі бағалы шығар!

Сені жаратқан Алла оны да жаратқанын есіңнен шығарма!

Ешкім ешкімнен артық емес!

Біреуден жәбір көрген жанның дұғасын Алла қабыл етеді!

Ешкімге тіліңмен де, іс-әрекетіңмен де зияныңды тигізбе!

+Шындығында керемет айтылған екен.Егер ұнап жатса жақсы көретін, өзің жақсылық ойлайтын адамдармен бөлісе отырыңыздар.

 

Пікірлер Кіру