Кімнің жағында екенімді білдіру үшін...

13 ақпан 2021 838 0
Оқу режимі

Ибраһим (ғ.с.) пайғамбар отқа тасталатын кезде бір құмырсқа аузына су толтырып алып, тасып жүрген көрінеді. Бұны көрген басқа жәндіктер құмырсқаға:
– Сен отқа да жақындай алмайсың ғой, мына аузыңдағы сумен отты қалай сөндірмексің? – дейді.
– Әрине, сөндіре алмаймын, сөндіре алмайтынымды өзім де білемін, – дейді құмырсқа.
– Ал, онда неге тасып жатырсың?
– Өзімнің кімнің жағында екенімді білдіріп жатырмын. Мен отты сөндіріп жатқандар жағындамын, – деген екен құмырсқа.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру