КӨП АДАМ НАМАЗДЫ ТЕК ТІЛІМЕН ОҚИДЫ...

04 ақпан 2026 88 0
Оқу режимі

Көп адам намазды тек тілімен оқиды, бірақ жүрегімен Алланы еске алмайды.

Көп адамдар ораза ұстайды, бірақ ғайбат пен тәкәппарлықтан тыйылмайды.

Ал шынайы Аллаға ғашықтар мүлде басқа:

  • Олар үшін намаз бен үнсіздік, зікір мен іс, мешіт пен базардың айырмасы жоқ.

Өйткені олардың жүрегі қай жерде жүрсе де Алламен әуре. (Жәләл ад-Дин Руми қ.с.)

Хазіреті Руми қ.с. мұнда сыртқы ғибадат пен ішкі халдің айырмасын көрсетіп отыр.

«Көп адам намазды тілімен оқиды» — яғни намаз бар, бірақ жүрек қатыспайды. Қимыл бар, рух жоқ. Ғибадат әдетке айналған.

«Ораза ұстайды, бірақ ғайбат пен тәкәппарлықтан тыйылмайды» - шынайы ораза тек аш жүру емес, нәпсіні тежеу. Тіл, ой, жүрек те ораза ұстауы керек.

Ал «ғашықтар» дегені — Алланы шын сүйгендер.

ОЛАР ҮШІН:

  • Ғибадат пен күнделікті іс боп бөлінбейді,
  • Мешіт пен базар айырылмайды,
  • Зікір тек тілмен емес, халмен жүреді.

Себебі олардың жүрегі үнемі Алламен байланысты. Олар Алланы тек намазда емес, әр сәтте еске алады.

Bekzhan AZHIMOV

Пікірлер Кіру