МӘШҺҮР ЖҮСІП АЙТЫПТЫ...

21 тамыз 2026 97 0
Оқу режимі

Жігітті кедейлікке апаратын үш тамыр: желкедегі қырсықтық, шынтақтағы маубастық, құйрықтағы жалқаулық тамырлары.

***

Жер жұтуға тоймайды, от отынға тоймайды. Кісі ойға тоймайды, бөрі қойға тоймайды. Құлақ естуге тоймайды, көз қарауға тоймайды. Ғалым ғылымға тоймайды, жер суға тоймайды. Өлік дұғаға тоймайды, тірі іске тоймайды.

***

Ақымақтың тізгіні – құлағы! Ақылдының тізгіні – көңілі. Ақымақ не нәрсені естісе, естігеніне қанағат қылады. Қатықтай қатып, сүттей ұйып жүре береді. Ақылды не нәрсені естісе, естуіне қанағат қылмайды, ақылына салып, көңілінің дауалауына тоқтайды.

***

Ұры қартайса сопы болады,

Бүркіт қартайса тышқаншыл болады,

Шал қартайса жасындағы көрген-білгенін былшылдап

ертекшіл болады.

Пікірлер Кіру