МҰСЫЛМАН АДАМҒА ӨЗГЕ ДІННІҢ ҚҰЛШЫЛЫҚ РӘСІМДЕРІНЕ ҚАТЫСУҒА БОЛА МА?

12 қаңтар 2024 2537 0
Оқу режимі

Мұсылмандар қай заманда болсын басқа дін өкілдеріне құрметпен қарап, олардың діни рәсімдерін, құлшылықтарын орындауларына ешқандай кедергі жасамаған. Алайда бұл олардың діни рәсімдеріне қатысуға болады, солармен бірге қосылып құлшылықты атқаруға рұқсат етіледі деген мағынаны білдірмейді.

Өзге дін өкілдерінің құлшылықтарында Ислам дінінің сеніміне қайшы келетін сөздер мен іс-әрекеттер қамтылатыны сөзсіз. Ал мұндай рәсімдерде мұсылман баласының жүруі дұрыс емес.

Кейбір адамдар «бұл діни рәсімге мен тек қызықтау ниетімен барамын» деуі мүмкін. Әйтсе де өзге сенім иелерінің діни рәсімдеріне қатысу соны жасағанмен тең болатынын есте ұстаған жөн. Өйткені бұл Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) «Кімде-кім бір қауымға ұқсаса, ол сол қауымнан»[1], – деген хадисінің аясына кіреді.

Сондықтан мұсылман адамның қызықтап болса да өзге дін өкілінің құлшылығына, діни рәсіміне қатысуына болмайды.

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 

Дереккөз: ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

Пікірлер Кіру