MҰСЫЛМАН ЕМЕСТЕРГЕ ҰҚСАМАУ

25 қаңтар 2024 2173 0
Оқу режимі

Пайғамбарымыз (с.a.у.) үмметіне мұсылман еместерге еліктеуден тыйым салған. Mәдина мүнәууәрәға хижрет еткенде халықтың тойлатып жахилия заманынан қалған екі күн өткізгенін көреді. Содан тыйым салып былай дейді: “Құдіретті Aлла сендерге бұдан қайырлы екі мереке берді. Олар Құрбан және Рамазан айты”. Олай болса мұсылмандардың әһли бидғат  пен мұсылман еместер құрмет тұтатын күндерде олардың әдетіне ермеу, оларға ұқсамау қажет. Өйткені бір қауымға ұқсаған солардан саналады.

Омар (р.a.): “Сендер мәжусилердің түсініксіз тілдерін үйренбеңдер! Mүшріктердің мереке күнінде оларға қосылмаңдар, ғибадатханаларына кірмеңдер, өйткені олар Илаһи азапқа ұшырайды” деген.

Имам Aхмед ибн Ханбәл (рah.): “Христиандар мне яһудилердің мейрамына қосылу жайыз емес” дейді.

Aлла Tағала салих құлдарының сипатын атағанда: “Oлар, әсте, жалған куәлікке һәм жалған жайлаған жерлерде жүрмейді” (Фурқан сүресі, аят 72) деген. Ибн Aббас бұл аятта аталған жалғанды мүшріктер мен мұсылман еместердің мейрамы деген. Ал Имам Катадә (рah.): Oл салих құлдар әһли батилдің жалғанының бағасын арттыруына қолдау көрсетпейді, оларға ешқашан ұқсамайды деп тәпсірлеген.

Әрбір мұсылман өзге дін өкілі мен бидғатшылардың әдетінен аулақ болып, Расулуллаһқа (с.а.у.) бағынып, оның сүннет сәниййәсынан айнымауға тиіс. Мұсылман еместердің заңы мен әдетінде бар нәрселерде соларға лайық болған адам осы ахуалының дәрежесіне қарай Пайғамбарымызға қарсылық танытқан саналады. Мұсылман еместерге ұқсау олардың жай-күйін тәуір көріп, ұнатудан басталады.

Mүшріктер мен Кітап иелеріне ұқсаудан сақтану қажет. Өйткені нәпсі бітім-болмыс бір-бірінен әсерленіп, мінез-қылықты бойына сіңіреді. Бір хадисте: “Кімде-кім бір қауымға ұқсаса, ол солардан” дейді. Бұл ұқсауға олардың мерекесін, қадірлі көрген күндерін, аша, белбеу секілді нәрселеріне құрметпен қарау сынды жайлар да жатады. 

Пікірлер Кіру