Мұсылманды бақытқа жетелейтін 10 жол

22 қыркүйек 2020 6328 0
Оқу режимі

Жер бетіндегі барлық адамзатты біріктіретін бір қасиет – ол бақытқа ұмтылу. Алайда біздің наным-сенімімізге байланысты бақытқа қол жеткізу әдістерінің көп түрлері бар. Негізінде, тек діндар адамдар ғана шынайы бақытқа қол жеткізе алады, яғни ол өмір бақи және келесі дүниеде де жалғасады. Жаратқанға сенімсіздік танытып бақытты боламын деу әншейін нәрсе.

Өзіңізді бақытты сезінетіндей және жүрегіңізге тыныштық орнататын бірнеше кеңестер ұсынамыз:

1. Әрине, ең алғашқысы сенім. Сенім – адамды бақытқа кенелтіп, оның өміріне мән беріп, жанына тыныштық береді. Сенім дегеніміз бақыттың өзі. Өз жүрегіңізге сенім ұялатыңыз, Алланың разылығы үшін жақсы істермен, ниеттермен имандылықты күшейтіңіз.

2. Адам тек бүгінгі күнмен өмір сүрмеу керек, барлығы өзгереді, айналаңыздағы болып жатқан нәрселерге қатысты сіздің пікіріңіз де, ойыңыз бен ниетіңіз де өзгереді.

3. Өткен істі қазбалай бермеңіз, одан да болашақты ойлаңыз. Өткен іс өтті, біз қанша қаласақ та өткен іс қайтып келмейді, оны ойлап жабырқап, өкіне бермеңіз, одан да өткеннен сабақ алып, тәжірибе жинақтап, өзіңіз үшін шүкіршілік етіп, жарқын болашақты құрғаныңыз жөн.

4. Эмоцияға берілмеңіз. Дұрыс ойлап, ақылдылық пен сабырлы болу – жаман көңіл-күй мен көптеген қателіктерден сақтайды. Көптеген адамдар өзінің сезімі мен эмоциясының құрбаны болып жатыр. Ашуға ерік беріп, өзін-өзі басқара алмай, соңынан өкініші қалмайды.

5. Сынды көтере біліңіз. Адамдар біреудің қателігін көріп, кемшіліктерін бетіне басуға бейім. Сондықтан өзіңізге өзіңіз сенімді болып, кемшіліктеріңізден құтылып, жақсы қасиеттеріңізді арттырыңыз. Басқалардың не ойлайтынына емес, өзіңізді ойлап, жақсы болуға тырысыңыз. Ал сын өзіңізді қайта қалыптастыруға жол ашады.

6. Жағдайды қалай бар, солай қабылдаңыз. Өмірде қиыншылықтар мен мәселелер жиі кездесіп тұрады. Білгеніңіз жөн, не болса да Алланың қалауымен болады. Басыңызға түскен қиыншылықтарды Алланың сынағы деп түсініңіз. Артынан бір жақсылықтың болатынына сеніңіз.

7. Қолыңыздағы барға разы болыңыз. Қанағатшылдық – қолындағы барын қанағат тұтып, риза болатын, бақытты адамның қасиеті. Қанағатшыл, қайырымды адамдарды әрдайым үлкен сый күтіп тұрады, ал қайырымсыз адамдар барға қанағат қылмай, ылғи шағымданып жүреді. Сіз көресіз, естисіз, демаласыз, деніңіз сау. Сіз барсыз – мұның өзі бақыт емес пе? Осы үшін Алла Тағалаға шүкіршілік етпейсіз бе?

8. Сіздің өміріңізде болған жамандықтан кейін жақсылық болатынын түсініңіз. Бірақ сол жамандықсыз бақытқа қол жеткізе алмауыңыз мүмкін.

9. Қандай қиындыққа тап болсаңыз да ол мәңгі емес. Құранда айтылғандай: «Негізінде ауырлықпен бірге жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылық пен бірге бір оңайлық бар. Ендеше босай қалсаң және тырыс. Раббыңа ғана бел байла» («Инширах» сүресі, 5-8 – аяттар). Ал Алланың уәдесі орындалады. Есіңізде болсын, қандай жағдай болса да, Сізге жақсылық болып қайтады. Алла біледі, Сіз – білмейсіз.

10. Өзіңізбен салыстырғанда, кімде аз нәрсе бар соған қараңыз да соған разы болыңыз. Есіңізде болсын, Алла Тағала, сынаққа сабырмен қарағандарды жақсы көреді, сондай адамдардың қатарынан болуға ұмтылыңыз.

Барлығы Алла Тағаланың қалауымен және оған сенім артыңыз. Біз үшін оның қалауы ең жақсылардың жақсысы.

Нығыманова Назерке

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру