МЫНА СӨЗДЕРДІ ЖҮРЕКТЕРІҢІЗГЕ ТҮЙІНДЕП АЛЫҢЫЗДАР!

31 қаңтар 2025 464 0
Оқу режимі

Имəм əл-Музəни, рахимахуллаһ, айтады:

”Мен имəм əш-Шəфи'и өлім хəлінде төсек тартып жатқанында кіріп сұрадым:

— “О, ұстазым! Не сезініп жатырсыз?”.

Ол кісі айтты:

— “Мен бұл дүниемен, бауырларыммен қоштасып бара жатқанымды сезініп жатырмын, жəне өлімнің жақындағанын, жəне Алланың алдына кетіп бара жатқанымды, жəне өзімнің күнəларыммен бетпе-бет көрісуге бара жатқанымды сезініп жатырмын. Жəне мен білмеймін, жанымды Жəннəтқа бара жатқанымен құттықтайын ба əлде Тозаққа бара жатқанымен өкінейінбе!?”.

Мен тағы сұрадым:

— “Маған өсиет айтыңызшы”

Ол кісі жауап берді:

— “Алладан қорық жəне өлім сəтіңді жүрегіңмен елестет, өлімді ешқашан ұмытпа жəне Алланың алдына баратыныңды ұмытпа. Алладан қорық, Оның тыйымдарынан тыйыл, əмірлерін бұлжытпай орында. Қайда болсаңда Алламен бірге бол жəне ешқашан Алланың саған берген ризығын аз деп санама, шүкіршіл бол.

Үндемегенің - пікір еткенің, сөйлегенің - зікір еткенің болсын. Көргенің - ғибрат болсын жəне өзіңе қатысты əділетсіздік жасаған адамды кешір, сенімен байланысын үзген адамды қолда, саған жамандық еткенге жақсылық істе, қиындықта сабыр ет, Алланың қаһарынан тақуалықпен сақтан”

Мен тағыда айттым:

— “Тағы өсиет етіңізші”

Имəм Шəфи'и былай деді:

— “Тіліңде əрқашан шындық болсын, уəдең - сүйенішің болсын, мейірімділік - тамырың болсын, шүкіршілік - тазалануың, ақиқат - саудаң, бауырларыңа махаббат - сəнің, Аллаға бағыну - өмірің, Оның разылығы - аманатың, түсіністігің - ұзақты көре алуың, үмітің - сабырың, шындық - орануың, зекет - қалқаның, ұялшақтық - басшың, жұмсақтық - əміршің, мына өмір - түрмең, үнемдеушілік -айырылмас жолдасың, қажылықпен жиһад – мақсатың, Құран - сұхбаттасың, Алланы Қорғаныңмен Сүйенішің, Досың ет. Осы сипаттар кімнен табылса, оның дəрежесі - Жəннəтта”

 

Пікірлер Кіру