НӘПСІГЕ ҚАРСЫЛЫҚ КӨРСЕТУ

01 шілде 2024 1420 0
Оқу режимі

قَالَ اللهُ تَعَالَى: يَا اَيُّهَا الَّذِينَ اٰمَنُوا عَلَيْكُمْ اَنْفُسَكُمْ لَا يَضُرُّكُمْ مَنْ ضَلَّ اِذَا اهْتَدَيْتُمْ اِلَى اللهِ مَرْجِعُكُمْ جَمِيعًا فَيُنَبِّئُكُمْ بِمَا كُنْتُمْ تَعْمَلُونَ. (سورة المائدة، 105)

Aлла Tағала былай дейді (мағынасы): “Уа, мүміндер! Алдымен өздеріңе қарап, өздерің түзеліңдер! Өздерің тура жолда болсаңдар, адасқандар сендерге  кесірін тигізе алмайды. Түбінде барлығың Аллаға қайтасыңдар, сонда Ол (дүниеде) не істеп, не қойғандарыңды түгелдей жіпке тізіп өздеріңе айтып береді (Һәм бәріңді жауапқа тартады).” (Mәида сүресі, 105 -аят)

Адам бойында денеге билік еткісі келетін бір-біріне кереғар екі полюс бар. Мұның бірі – рух (періште рух), ал екіншісі нәпсі (айуани рух). 

Нәпсі – орталығы екі қастың ортасында болатын және адамның тұла-бойын түгел жаулаған зұлым жаратылыс.

Адамды ләззатқа және тән қалауына итермелейтін,  жүрегін лас істерге бұратын, зұлымдық пен бүкіл жамандық атаулының бастау көзі – нәпсі.

Адамның ең басты жауы нәпсінің қорегі - күнә. Нәпсіде жетпіс екі шайтанның күші болады, адамды әрдайым жамандыққа жұмсайды. 

Силсилә сағадаттың 15-ші алқасы Шаһ Нақшыбенд (к.с.) шәкірттеріне әрдайым нәпсілерінің қалауына қарсы шығуға кеңес беріп былай дейтін: “Кімде-кім нәпсісіне қарсылық танытса, бұл амалдан өте үлкен нәтижелерге қол жеткізеді”.

Тағы бір сөзінде былай деген: “Өз нәпсілеріңді қашан да кінәлі, жазықты көріңдер. Кімнің қолынан бұл келсе, Алла Тағала оған соған сай сауап жазады. Сол себепті Хаққа жақындап, бақыт бұйырады. Юсуф сүресінің 53-аятында ‘(Юсуф aлейхиссәлам айтты:) Сонымен қатар, мен өзімді, әсте, ақтамаймын. Өйткені нәпсі, шынында да, әрдайым жамандықты бұйырады…’ деген. Осы аяттың үкімімен адам әрбір күнә мен бүлікті өз нәпсісінен көрсін”.

Басқа бір сұқбатында былай деген: “Кімде-кім Aлла Tағаланың ізгілігі арқасында өз нәпсісін жаман деп танып, оның алдамшы тұзағын жөнімен білетін болса, оның нәпсісіне қарсы шығуы өте оңай болады”.

Пікірлер Кіру