ОЛ ЕШҚАШАН ЖАЛҒЫЗ БОЛМАЙДЫ

Құдайды досым деп білетін адам, осы дүниеде де, келесі дүниеде де, жалпы дүниеде ешқашан жалғыз болған емес, жалғыз болмайды да.
Мейлі ол көп арасында болсын, мейлі жалғыз болсын, сыртқы әлемді байқамай ұйықтап жатса да, ояу әрі сергек боп, оны байқай алса да, оның үнемі араласатын адамы болады. Қандай жағдайда болса да досы оның ойында, көкейінде, оның жүрегі мен жанында болады. Оның жүрегі іштегі сырттағы барлық сұлулыққа оянған.
Құдайды Сүйіктісіне айналдырған адамға, - одан артық не керек?
Барлық бар боп тұрған зат өзін өзі ашып, ол үшін сөйлеп тұрады, ол үшін барлық нәрседе - көзге қуаныш бар, өйткені Құдайсыз жер жоқ, ол барлық есімде, барлық формада, сондықтпн оның Сүйіктісі ешқашан жоқ болып кетпейді.
Сүйіктісі үнемі жанында болған адам қандай бақытты, өйткені өмірдегі апаттың бәрі Сүйіктісін жоғалтқан сәтте басталады, ал оның Сүйіктісі үнемі онымен бірге: ол көзін жапса да ол ішінде отыр, көзін ашса да - жанында. Ол Сүйіктісін жанында сезінгенінде, көздері тек соны көреді және құлақтары тек соны естиді.
Адам баласы осыны орындауға келгенде, ол үнемі жанында Құдайдың бар екенін сезеді, сонда оған иманның түрлері мен формалары, иман сенімдері және оның жамағатының маңызы жоқ.
Ол үшін Құдай - барлық нәрседе, ол үшін Құдай - барлық жерде.
Мейлі ол христиан шіркеуіне, синагогаға немесе будда храмына, әйтпесе индустардың киелі орындарына немесе мұсылмандардың мешітіне барсын - сол жерлерде Құдайды табады.
Шөл далада, орманда, топ ішінде - барлық жерде ол Құдайды көріп тұрады.
Ішкі өмір деген көзіңді жауып өз ішіңе үңілу ғана емес. Ішкі өмір деген ішке немесе сыртқа қарасаң да, барлық жерде тек өзіңнің Сүйіктіңді көріп тұру.
Бірақ махаббатыңның дәрежесі жоғары көтерілмейінше Құдайды Сүйіктің етіп қоюға болмайды.
Дұшпанын жек көретін және досын жақсы көретін адам әлі Құдайды жақсы танымаған, сондықтан ол Құдайды Сүйіктім деп айта алмайды.
Махаббат толық өз болмысымен келгенінде, досына жеккөрінішпен, дұшпанына кешіріммен, бейтаныс адамға - қызыға қарайды,
Бұл сүйіспеншілік өзінің толыққанды деңгейіне көтерілгенде білдірілетін барлық жағынан сүйіспеншілік және тек махаббаттың толықтығы Құдайға ұсынылуға лайық. Тек сонда ғана адам Құдайдан өз Сүйіктісі мен Идеалын танығанында, осы арқылы ол бұл дүниенің тапр ықыластарынан жоғары көтерілсе де, тіпті жауын да сүюді шынайы біледі.
Сүйіспеншіліктің толық деңгейіне көтеріліп, махаббатты Құдайды сүйген адам ғана біледі.
Руми, Хафиз және Жәми сияқты ұлы ақындар парсы тілінде баяндаған сопылық әдебиеттің бүкіл бейнелері адамның ғашық ретіндегі және Құдайдың сүйікті ретіндегі қарым-қатынасына қатысты және оны түсініп оқып, осындай тәуелділік пайда болады, содан кейін ол мистиканың қандай суреттер салынғанын көреді және олардың жүрегі қандай көңіл-күйге келетінін сезінеді.
Адам баласы жүрегіне Құдайға деген махаббатты орнату оңай емес, себебі егер ол өз сүйіктісін көріп, танып тұрмаса, сүйе алмас еді. Құдайды сүю үшін, ол жақсы сезіліп тұруы керек, егер адам махаббаттың осы дәрежесіне жетсе, ол сол кезде бар пейілімен руханияттың даңғыл жолына түсіп, саяхатқа аттанады.
Хазрат Инаят Хан
аударған Жүрсін КӘРІМ