ӨМІРДІ БОСҚА ӨТКІЗБЕУ КЕРЕК

25 шілде 2024 1321 0
Оқу режимі

Алла Тағала былай дейді: «Сол күні әрбір жан (дүниеде) жақсылық ретінде не істеген болса, соның бәрі алдынан шығады. Жаман істері де дәл солай (мен мұндалап алдынан шығады). Сонда ол істеген жамандықтары мен өзінің арасында жер мен көктің арасындай қашықтық болғанын қалайды. Алла сендерді Өзіне қарсы келіп, асы болудан сақтандырады. Алла құлдарына өте мейірбан, сондай жанашыр». (Әли Имран сүресі, 30 аят)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Алла Тағаланың құлынан теріс айналуының белгісі – құлдың пайдасыз істермен шұғылдануы».

Адам баласы өмірінің құлшылықсыз өткен әр сәті үшін өкінуі керек. Өйткені Алла Тағала адамдарды Өзіне ғибадат етсін деп қана жаратқан. Алла тағала Зариат сүресінің 56-аятында: «Мен адамдар мен жындарды тек қана Маған ғибадат етсін деп жараттым» дейді.

Фиқһ және хадис ғалымы, үлкен сопылардың бірі Юнус ибн Абдулла (рах.) (1038 дүние салған) бір күні мүриттерімен сұхбат құрады. Сонсын оларға қарап күрсінеді.

 Мүриттері:

«Уа, шейх! Бізге қарап неге олай күрсіндіңіз» - деп сұрайды.

 Шейх:

 «Менің де, сендердің де өмірлеріңнен бір сағат кеміді. Соған күрсіндім. Осылай сағаттар жылжып, өмір өте шығады. Адам бір күні артына қараса, өмірі таусылған. Міне, сол кезде адам ғибадатсыз өткен өміріне өкініп опық жейді» - деді.

 

Пікірлер Кіру