Қабыл болмайтын амал

02 сәуір 2019 8450 0
Оқу режимі

Сахабаларымен отырған бір күні Мұхаммед пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиямет жайлы сөз қозғады. Толассыз айтылған әңгіменің бір ұшығы адамның бұл дүниеде жасаған амалдарына барып тірелді.

«Қиямет күні біршама адам Тахаманың үлкендігіндей сауап арқалап келеді. Бірақ олардың амалдарын Алла Тағала жоққа санайды».

Бұны естігенде бойын үрей билеген Сәлім Хұзафа (р.а.): «Уа, Алланың құрметті елшісі, әке-шешем жолыңа құрбан болсын. Олардың қандай адамдар екенін айтпас па екенсіз? Аңдаусызда солардан бірі мен болып қалмайын деп қатты қорқып тұрмын», – дейді.

Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Әй, Сәлім, олар ел қатарлы ораза ұстайды, намаз да оқиды. Алайда харамға тап келгенде, Жаратушыдан қорықпайды. Міне, Алла Тағала осындайлардың амалын қабылдамайды», – деді.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру