ҚАДІР ТҮНІНІҢ ҰЛЫҚТЫҒЫ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҒЫ ЖАЙЫНДА

25 наурыз 2025 361 0
Оқу режимі

Құлшылық етіп сауапқа кенелуге ең ұтымды кезең – қадір түні. Ал адамның ең қорқынышты кезеңі қабірге орналастырылған кезі. Қадір түнін құлшылықпен өткізу, қабірдің жарқырап, нұрлануына жол ашады. Әнас ибн Мәлік (р.а.) былай деп айтқан: «Рамазан келгенде, Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын): «Расында, сендерге бұл ай келді! Онда мың айдан да қайырлы бір түн бар. Сонда кім ол түні бейқамдық танытса, оның барлық игілігінен құр қалады. Ал оның барлық игілігінен тек нағыз мақрұм адам ғана айырылып қалады!», – деп айтты»[6].

Қадір түні өзінің осындай атауын Ұлы Алланың алдындағы алатын ұлы дәрежесі мен басқа күндер мен түндердің алдындағы артықшылығы үшін және бұл түні адамдардың өмір мерзімі мен несібелері, жыл бойы орын алатын нәрселер тағдырға жазылатындығы себепті алған[7].  

Алланың Елшісі (Алланың Оған салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: «Шын мәнінде, Қадір түні жер бетінде періштелер ұсақ тастардан да көп болады»[8].

Хафиз Ибн Ражаб: «Ей, өз өмірін ешбір игілікке қол жеткізбей өткізген адам! Қадір түнін жіберіп алғандарымды қайта толықтыру үшін қолданамын, өйткені бұл түн тұтас өмірге тең келеді ғой!»[9], – деп айтқан.

 

[6] Ибн Мәжаһ 1/289. Хадистің сенімділігін  хафиз әл-Мунзири растаған.
[7] «Тайсируль-Карими-р-Рахман» 1017.
[8] Әт-Таялиси 2545, Ибн Хузайма 2/223.
[9] «Ләтаифул-мә’ариф» 191.
 

 

 

Пікірлер Кіру