ҚАЗАҚ БОЛУ МҰСЫЛМАН БОЛУҒА, МҰСЫЛМАН БОЛУ ҚАЗАҚ БОЛУҒА КЕДЕРГІ ЕМЕС

Кейінгі кезде «алдымен қазақ болған дұрыс па, мұсылман болған» дұрыс па? деген секілді ұлтты желеу етіп, елді еліктіретін сұрақтар және ұлт пен дінді, дәстүр мен дінді, ғылым мен дінді бір-біріне қарсы қою көбейіп жүр.
Бұл сұрақ орынсыз және олай ұлт пен дінді қарсы қойып, дихотомия жарату дұрыс емес.
Біз қазақ болып тудық, ешкім ұлтын таңдап тумайды. Ол – тағдыр, ол – Аллның заңдылығы.
Бұл туралы Құранда былай делінген:
«Көк пен жердің жаратылуы, тілдерің мен түстеріңнің әралуан болуы Алланың дәлелдерінен...» (Рум сүресі 22-аят)
«Уа, адамдар! Сендерді ер мен әйел қылып жараттық. Сондай-ақ өзара мәдениет құру үшін сендерді рулар мен ұлттарға бөлдік. Сендердің Алланың алдында ең құрметтілерің – ең тақуа болғандарың...» Хужурат сүресі, 13-аят).
Аяттағы тақуа сөзіне түсіндірме келтірер болсақ, тақуалық – тек қана намаз оқу, ораза ұстау, қажыға бару емес, шын тақуалық күнәлі іс жасамау, харам жемеу, адал, әділ, таза адам болу ісі.
Сондықтан алдымен қазақ болған дұрыс па деген сұрақ орынсыз. Олай сұрамасаң да қазақсың! Қазақ болып туғандықтан қазақша сөйлеу керек, тегін, тарихын білу керек, ұлтын, отанын, елін, жерін сүю керек және тарихын, дәстүрін, мәдениетін, құндылығын құрметтеу керек. Оған ислам діні тыйым салмайды.
Алланың ақиқат діні бір ұлтты, ұлттың тілін, тарихын, дәстүрін, мәдениетін жою үшін келмейді, келмеген де. Ислам діні кез келген қауымның дәстүр-ғұрпымен санасады. Бөл жөнінде ислам шариғатында «Ғұрып» (العرف) деген маңызды тақырып бар.
«Шала молда дін бұзар» дегендей дінмен жүрсең болды, қазақтың анасы теріс, мынасы теріс, қазақтың тарихы мен дәстүрі маңызды емес деген секілді ұлтты, тарихты, тілді, елді, жерді, ұлттық мәдениетті мансұқтайтындарды, өз идеоьошиясын тықпалайтын халтураларды, фанат, радикал көзқарасты бауырларды әрине біз де мақұлдамаймыз. Сондайларға қарап тұтас исламды қаралау, тұтас исламнан бас тарту - ақылы сау адамның ісі емес.
Қазақ 8 ғасырдан бастап қазірге дейін 1200 жыл исламды ұстанып келді, араб болып, тілінен, ділінен, дәстүрінен айырылған ештеңесі жоқ. Сондықтан әлеуметтік желідегі кейбір дақпырт, желеу, ұран сөздерге алданбаған, әр мәселеге ақылмен, пайыммен баға берген дұрыс.
Дінсіз қоғамның да, дін ісінде көзсіз, фанат қоғамның да оңғаны жоқ. Әр нәрсенің орта жолы, тепе-теңдігі бар. Соны сақтаған абзал.
Жоламан БҰЛАН-ның фб парақшасынан