ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМДАРЫ МЕН ТИЫМДАРЫ
* Үйді айналып жүгірме, бас айналар түбінде.
* Халық берер бағасын, сен әзірге баласың.
* Үйді айналсаң, өскенде үйкүшік боп қаласың.
* Жаңа үйге көшіп келген отбасына «қонақ жайлы болсын!» дейді.
* Егер үйге байғыз қонып, бақыратын болса, бұл үйдің иесі үлкен бақытсыздыққа ұшырайды.
Егер, керісінше, қарға қарқылдаса, онда бақытты болады.
* Үйге кіріп келе жатқан адам сүрініп кетіп кұласа, үй иесі кенеттен мал-мүлікке ие болады, дәулет артады.
* Үйге жүгіріп кірмейді.
* Үйде құмырсқа көбейіп кетсе, жылқының екі тезегін уыққа іліп қояды.
* Ит ұлыса, шаңырақта жаманшылық болады.
* Көрпенің тұйығын ірге жаққа қаратып төсейді.
* Үй сыртына ит сарып кетсе, құт болады деп жақсылыққа жориды.
* Несібесі көп, дастарқаны мол болсын деп жаңа үйдің босағасын маймен майлайды.
* Пәле - жаладан аулақ деп жаңа үйленген жастардың төсегін арша түтінімен ыстайды.
* Үйге жылан кіріп кетсе, оның басына ақ (сүт тағамы) құйып шығарып барып өлтіреді. «Жыланға да ақ құйып шығарады».
• Бір үйге шаруасы болып келген адам отыруы, асығыс болса, бір тізесін бүгуі керек. Өйтпесе келген үйдің сиыры түрегеп бұзаулайды дейді.
* Түнде үй сыпырмайды, тырнақ алмайды.
* Сыпырғышты тік қоймайды және жоғары қоймайды.
* Жазда үйге құйын келе жатса үлкен - кішілер қолына таяқ алып оны «таздың үйіне бар, пәленше таздың үйіне бар!» деп қуалайды.
* Үйдің шаңырағына қарлығаш ұя салса, ол үй балапан ұшып кеткенше көшпейді, ұясын бұзбайды.
* Біреудің үйі өртенсе оның арты жақсылық болады деп ырымдайды.