Қош келдің қасиетті Ережеп!

12 ақпан 2021 5937 0
Оқу режимі

Исі мұсылман жұртшылығы үшін қасиетті төрт ай бар. Бұл туралы қасиетті Құран Кәрімнің «Тәубе» сүресінің 36-аятында: «Расында, Алланың қасында көктер мен жерді жаратқалы Алланың Кітабындағы айлардың саны он екі. Бұлардан төртеуі құрметті айлар. Міне осы берік дін. Онда бұл айларда өздеріңе зұлымдық етпеңдер», – делінген. Сол ұлық айлардың бірі Ережеп айы бүгін табалдырығымыздан аттап отыр.

Ережеп айының барша мұсылмандар үшін орны бөлек. Алланың айы саналатын Ережеп айында қайырымды істерді атқарып, нәпіл және түнгі құлшылықтарды көптеп жасасақ, сауабының да молырақ болары сөзсіз. Алладан шын кешірім сұрап, тәубесіне келген пенденің дұға-тілектері мен құлшылықтарын қабыл етеді.

Ережеп айы Ислам дініндегі қатар келетін қасиетті үш айдың алғашқысы болып табылады. Қалған екеуі Шағбан мен Рамазан деп аталады. Бұл айлар Жаратушы Иенің пенделеріне ерекше рақымдылық танытуымен, аса мейірбандық көрсетуімен ерекшеленеді. Сондықтан, әлем мұсылмандары бұл айларға аса құрметпен қарап, құлшылықтарына ден қояды.

Мұхаммед Пайғамбарымыз (с.ғ.с) қоштасу қажылығында: «Бір жылда он екі ай бар. Бұлардан төртеуі харам айлар, үшеуі қатар келген – Зилқағда, Зүлхижжа және Мұхаррам, төртіншісі – Ережеп», – деп жеке-жеке атап көрсеткен[1].

Ережеп айында қасиетті түн бар. Ол – Миғраж түні. Миғраж – Ережеп айының 26-нан 27-сіне қараған түн. Миғраж оқиғасы хижреттен бір жарым жыл бұрын Ережеп айының жиырма жетінші түнінде болды. «Миғраж» сөзі «жоғары шығу», ал «Исра» сөзінің мағынасы «түнгі сапар» дегенді білдіреді. Алла Тағала қасиетті Құран Кәрімде Миғраж оқиғасын былайша баян етеді: «Құлын (Мұхаммедті ғ.с.) бір түні өзіне белгілерімізді көрсету үшін Харам мешітінен біз айналасын мүбарак қылған Ақса мешітіне апарған Алла, әртүрлі кемшіліктен пәк. Шәксіз,

Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өзі Ережеп, Шағбан, Мұхаррам, Шәууал айларында ауыз бекітіп, руханиятқа ерекше көңіл бөлген. Ережеп айының жұлдызы туғанда, Парасат падишасы (с.ғ.с.): «Уа, Ұлы Жаратушы! Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете көр! Бізді қасиетті Рамазанға аман есен жеткізгейсің!» –деп дұға жасаған. Сондай-ақ, Алла Елшісі (с.ғ.с.) Ережеп пен Шағбан айында ұдайы ауыз бекітіп, нәпіл ғибадаттарды молынан атқарған.

Ақиқаттың ақжал толқыны сахабалар да осы мезгілде бір ерекше қарқынмен құлшылық жасайтын. Парызбен қоса нәпіл құлшылықтарын орындап, жоқ-жітікке, жетімдер мен кембағалдарға қол ұшын созып көмектесетін. Сол үшін исі мұсылман жұрағаты мұндай қасиетті айларды құр жібермей, қадір-қасиетін бағалап, бейне құлшылық пен ізгілік жасауда жарысқан жандардай күй кешкені жөн. 

 


[1] Имам Бұхари.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру