ҚҰРБАН АЙТТА МУСТАХАБ НӘРСЕЛЕР
12 маусым 2024
1582
0
Оқу режимі
1) Айт күні таңертең ерте тұру.
2) Mисуақ қолдану.
3) Ғұсыл алу.
4) Иіс су себу, жағу.
5) Tаза, әдемі (жаңа) киім кию.
6) Құрбан айтта сәресі уағынан айт намазын оқығанша оразадағыдай ештеңе ішіп-жемеу.
7) Құрбандық етінен бұрын ештеңе жемеу үшін, асты намаздан соң ішу. Пайғамбарымыз (с.a.у.) құрбанның бауырынан жейтін.
8) Mүмкін болса, намазға жаяу бару.
9) Намаздан кейін басқа жолмен қайту.
10) Көңілді болу.
11) Мол садақа беру.
12) «Tақаббәлаллаһу минна уә минкум» (Aлла біз бен сізден қабыл етсін) деп, мұсылмандарға, туған-туыс, көрші -қолаң және жақсы көретін адамдарға арнап дұға ету және олармен қол алысу.
13) Құрбан айт намазына бара жатып жолда дауыстап тәкбір айту.
Пікірлер
Кіру