ШӨЛ ДАЛАДАҒЫ ОРАЗА

25 ақпан 2026 84 0
Оқу режимі

Күннің ми қайнатқан ыстығының астында бір дәруіш шөлді кесіп өтіп ілби басып келе жатыр. Еріні кезеріп, жүзі бозарып әбден жүдеген.

Көкжиектен таудың сілемі көрінгендей ме? Сағым ба деп ойлап еді, сағым емес, шын сияқты. Рас екеніне әбден көзі жеткен дәруіш жүрісін ширата түсті.

Таудың етегіне таяу бір кішкене қос тұр. Қостың көлеңке жағында арқасын іргеге сүйеп, қолына тәспі ұстаған бір ақсақал отыр.

— Ассалаумағалайкум, ақсақал! — деді дәруіш тілі зорға икемге келіп.

— Уағалайкумассалам, балам! Жол болсын!

– Әлей болсын, ақсақал!

Барханнан асып, сізге келдім, жанымда мазасыздық бар. Медреседе жүргенде ораза ұстағым келді. Бір ай бойы нәр сызбадым. Сонда маған ораза жеңіл болатын. Ал енді шөл далаға кетіп, ораза тұтып едім, тәнімнің қалаулары мазалай бастады, үнемі аштық сезінемін. Неге олай?

Сонда ақсақал оған былай жауап беріпті:

— Медреседе жүргенде тақуалығыңды бүкіл шәкірттер көрді. Сені нәпсіңді мадақ пен мақтан тойдырды. Аштығыңды көкірек керген тәкаппарлығың басып тастады. Алған рақатың сен үшін астан да тәтті еді. Ал шөлде ше? Сені көретін шаяндар мен кесірткелерден басқа ешкім жоқ!

Сондықтан бір істі жасасаң, мақтау күтпе. Оны жүрегіңнің шын қалауымен істе...

 

Мұрат Рақымжанның фб парақшасынан

 

Пікірлер Кіру