СТУДЕНТІММЕН САЯСАТ ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ДИАЛОГ
- Ұстаз, көптен сұрайын деп жүрген сұрағым бар еді.
- Иә, сұра.
- Осы неге дінді саясатқа қару қылуға болмайды, мысалға ислами партия ашуға.
- Дін — күн іспетті, рухани және моральдық құндылықтардың қайнары, ал саясат — басқару мен қоғамдағы тәртіп орнату құралы. Саясат бейне бір түндегі өзінің жарығымен жүретін светильнік тәрізді, бүгін бар ертен жоқ.
Дінді саясат құралы ретінде қолдану қоғамның тұрақтылығы мен діни сенімдерге деген құрметті бұзады. Оның үстіне, ол екеуін араластыру деструктивті идеяларға жол ашу қаупі бар, себебі діни сенімдерді манипуляциялау халық арасында бөлініс тудырады. Дінді саясаттан бөлек ұстап, оның шынайы рухани және бейбіт миссиясын сақтау өте маңызды.
- Неге онда кейбір саясаткерлер діннің атынан сөйлейді.
- Дінді саясатқа қару қылу бір бөлек, саясатты дінге қару қылу бір бөлек нәрсе.
- Қалай сонда?
- Егер саясат дінді қолдаса, ол тек бейбітшілік, әділеттілік және адамгершілік құндылықтарын ілгерілету үшін қолданылуы керек, бірақ оны манипуляция құралы ретінде пайдалану дұрыс емес.
- Ескіде сахабалар саясат жүргіздіғой. Неге олар сияқты бола алмаймыз?
- Олардың заманындағы саясат пен қазіргі саясаттың қағидалары бір-біріне қарама-қайшы.
- Қалай сонда?
- Олардың саясаттары Құранның қағидаларына негізделген еді. Яғни, біреу екінші біреудің күнәсін арқаламайды. Қателігі үшін өзі ғана жауапқа тартылады, басқалар емес. Оған дәлел Құрандағы:
و لا تزر وازرة وزر أخرى аяты!
- Ал қазір ше?
- Қазір бір адамның қателігі үшін оның командасын, керек десең барлық әулетін қырып-жойып салады. Мысалға: бір адам ақиқатты айтамын деп командасын жарып шықса сосын Яссауи хазреттің кесенесін барып паналаса, онда қазіргі саясаттың қағидасы негізінде бір адамның қылмысы үшін киелі кесенені бұзуға дейін барады. Ол әрекеті үшін саясат еш қынжылмайды. Ал ақиқатты айтқан жаңағы шыншыл адамды қиянатпен айыптайты. Осындай қағиданың арасында жүріп қызмет етемін деп ойлау өте қиын нәрсе.
- Ұстаз, саясат неткен қатігез.
- Саясат емес, оны құрған адамдар қатыгез.
- Олай болса саясатқа араласпаймыз ба?
- Араласуға болады әрине, бірақ жеке өзіңнің адамилық, ұлттық мүдделерің үшін. Команда құрып алып, олардың мүдделері үшін емес - дедім.
- Рақмет сізге, сұрағыма толық жауап алдым!
Темур АМАНҚҰЛ