СЫНАҚТЫҢ АРТЫНДА КІМ ТҰР?

30 шілде 2024 886 0
Оқу режимі

Бір күні Руми үйіне келгенде, ұлының жүзінен ренішті көреді.           Баласынан ренішінің себебін сұрайды.

 Баласы: "ештеңе", - деп жауап береді.

 Руми есікте ілулі тұрған қасқырдың терісін алады да, жамылып, баласының жанына келеді.

Баласына қарап, қолдарын көтеріп айқайлай бастайды, ал ұлы болса, әкесінің қылығына ішек сілесі қатып күледі.

Сонда Руми:

«Балам, көрдің бе? Дүниенің қиындықтары, сынақтары дәл осындай болады. Қасқыр қаншалықты өте қорқынышты болғанымен, бірақ оның артында әкең тұрғанын біліп, қорықпай еркін күліп отырдың. Балам, мынаны есіңе сақта. Өміріңдегі әрбір сынақтың, яғни қиындықтардың артында Раббыңның тұрғанын ешқашан ұмытпағайсың!», - дейді.

Пікірлер Кіру