ТӘУЕКЕЛ ХАННЫҢ ДІНДАРЛЫҒЫ

09 шілде 2024 1219 0
Оқу режимі

Түркі жұртының мұсылмандықпен танысуында тариқат пірлерінің орны туралы көп айтылады. Соның ішінде қазақ қазақ болғалы ханы болсын қарасы болсын тариқатпен тығыз байланыста болғандығы туралы да дерек-дәйектер баршылық. Солардан бір үзінді Тәуекел ханның діндарлығы мен сопылығын баяндайды.

Атақты қазақ ханы Тәуекел (шын аты Тәуекел Мұхаммед Баһадүр хан) ақындық дарын мен діни түйсігіне ие нағыз батыр еді. Тәуекел хан мен оның інісі Есім хан ортағасыр өлшемдері бойынша жоғарғы білімге ие болған Шығай ханның ұлдары еді. Тәуекел хан парсы тілін жетік біліп аталмыш тілде «мәснәуи» түрінде өлеңдер жазған.

Орыстар Сібірде тұтқындап, Мәскеуде құрметті тұтқын ретінде ұстаған Қасым хандығының атақты ханы Ораз Мұхаммед Тәуекел ханның туған жиені болып келеді. Оның әкесі Ондан сұлтан ойраттармен болған шайқаста қаза тауып оны көкесі Тәуекел хан өсіріп жеткізді. Ораз Мұхаммед діни тәрбие көріп, көкесі сияқты парсы, араб және шағатай тілдерін жетік білген. Тәуекел ханның жиенімен жазысқан хаттары орысша аудармасымен сақталған. Түпнұсқа хаттар болса қазақ тілінде араб әліппесімен жазылған. Бұл да өз кезегінде хандардың сауаттылығын айғақтайды.

Тәуекел хан қазақтың XVI - XVIII ғасырдағы басқа хандары сияқты ойраттарға қарсы кәпірлермен қасиетті күрес ұранымен соғысты. Тәуекел ханның мұсылмандық дүниетанымы оның Ташкент билеушісі Шәйбани Барақ ханға жазған хатынан айқын көрінеді: «Біз екеуіміз де Шыңғыс ханның ұрпағымыз, біртуғанбыз. Сонымен қатар екеуіміз де мұсылманбыз, бір сенімдеміз. Маған қолдау көрсет, осылайша бірге кәпірлерден өш аламыз». Оның билігіне бағынған көптеген Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия қалаларында хан дінбасыларымен тығыз байланыста болып, мешіт-медресе салғызған.

Тәуекел хан Нақшбандия тариқатының пірәдары еді. Көптеген қазақ ханадары сияқты (Қасым, Есім, Тәуке) ол да атақты пірлердің мүриді (шәкірті) еді.

Қазақ билеушісінің діндарлығы (сопылығы) туралы Мұхаммед Ауаздың «Зия әл-қулуб» атты еңбегінде мәліметтер сақталған. Еңбек өмірінің көп бөлігін қазақ, қырғыз, ойрат сынды көшпелі халықтар арасында өзінің ілімін уағыздауға және мүрит тәрбиелеуге арнаған Нақшбандия тариқатының пірі Қожа Ысқақтың (Хазірет ишан) өмірін баяндайды.

«Зия әл-қулуб»-та Тәуекел ханның 120 туыс-сұлтандарымен бірге Қожа Ысқаққа қол тапсырғандығы туралы айтылады. Бұл оқиға 1598 жылы Самарқан мағындағы Қаны Гиле деген елдімекенде орын алған. Шын көңілден иланған адамдарда болғаны сияқты Тәуекел хан мен қазақ сұлтандарының сопылық жолына түсуі жаппай тәубе етумен дауыстап жылаумен қаптасатын. Жалпы ашық, бала жанды көшпенділерге тән болған ханның бұл ерекше әсерленуі оның діни сезімдерінің шыншылдығын анық көрсетеді.

Артынша Мұхаммед Ауаз «Кейін басқа бір орта азиялық ишан (өз заманының пірі) «Тәуекел ханды мен тәрбиелеймін» деп жар салып оған өз пірәдарын жібергенін, осының нәтижесінде Тәуекел хан сол пірдің мүриді болды» деп жалғастырады.

Біз үшін маңыздысы Тәуекел ханның халық жадында тек қана батыр, қолбасшы, мемлекет қайраткері ретінде ғана емес сондай-ақ білімді ақсүйек, ақын және құдайын іздеген мұсылман ретінде де сақталуы.

 

(Н. Нұртазинаның

«Ислам в Казахском ханстве»

кітабынан аударылып алынды)

Пікірлер Кіру