ЫМДЫ БІЛМЕГЕН ДЫМДЫ БІЛМЕЙДІ

30 қаңтар 2025 437 0
Оқу режимі

Қазақтың ой мәдениетінің асыл қасиеттерін жоғарылығы сол, айтар ойын тұспалдап жеткізген. Мал баққан елдің өзінің ата- қонысы болады. Қазақ рұқсатсыз бірінің жеріне бірі рұқсатсыз малын жаймаған. Көрші отырған ауылдың үстімен мал айдап өтсе, малының санына байланысты жайлау шөбін мал тұяғының жапырып өткені үшін төлейтін "тұяқ ақысы" деп, қой, ешкі, тоқты тастап кететін болған.

Әр рудың өзінің қонысы болған. Оған басқа рулар келіп рұқсатсыз қоныстанса, жер дауы басталып, кейде тіпті кісі өлімімен аяқталатын.

Сонымен қатар қазақта ойды тура айтпай "емеурін" танытумен (сөзсіз айту) бар. Бұл қазақтың ой мәдениетінің ең биік көрінісі.

Бірде алашқа аты белгілі Құнанбай қажы жылқысын рұхсатсыз Найманның батыры Барақтың Айғыржалдағы жеріне жаяды. Қыс кезі болса керек, биік қырға күн салып қараған Құнекең жылқы қосына келген жолаушыны сырттан бақылап тұрады. Өзі атына мініп қосқа келген адамды білуге барады. Жылқы қосына келіп, жылқышылардан келген кім келгенің сұрайды.

- Біз, білмейміз еңгезердей біреу келді, сәлем бердік, қолымызды алмады, тіл қатқан жоқ. ас ішпей, ыстық сорпаға мұз қосып ішіп, үндемей кетті" дегенде, Құнанбай қажы :

- Келген Көкжал Барақ сұлтан ғой, ыстық ықыласымызды мұзға айналдырмайық, жерді босат" дегені ғой. Енді көшпей болмайды, қосты жығыңдар, көшейік"- депті.

Міне, Барақ сұлтанның қажының қосына келуі астарлы емеурін.

Осындай емеурінмен үнсіз түсінудің өзі халқымыздың ой мәдениетіндегі тапқырлықтың тұғыры болып бағалануы да сондықтан.

 

Райхан МАТАЕВА-ның фб парақшасынан

 

Пікірлер Кіру