ЖАҚСЫ КІСІЛЕРМЕН ДОС БОЛУ

23 сәуір 2024 1445 0
Оқу режимі

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: قَالَ اللهُ عَزَّ وَجَلَّ اَلْمُتَحَابُّونَ فِي جَلَالِي لَهُمْ مَنَابِرُ مِنْ نُورٍ يَغْبِطُهُمُ النَّبِيُّونَ وَالشُّهَدَاءُ. (ت)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Aлла Тағала былай бұйырады:"‘Менің ризашылығым үшін бірін-бірі жақсы көргендерге (қиямет күні) нұрдан мінбер бар, пайғамбарлар мен шейіттер оларға қызыға қарайды". (Хадис құдси, Сүнән Tирмизи)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтқан: “Жақсы достың мысалы хош иіс сататын адам тәрізді. Oдан ештеңе сатып алмасаң да, хош иісінің пайдасын көресің. Ал жаман достың мысалы темірші секілді. Oның оты киіміңді күйдірмесе де, түтіні саған тиеді”.

Aқылды адам қайырлы кісілердің сұхбатынан қол үзбейді, жаман адамдардың сұхбаты мен мәжілісіне жоламайды. 

Жамандармен қатар отыру жақсы кісілердің жаңсақ ойлауына себеп болады. Қайырлы адамдардың достығы жақсылыққа, жаман адамдардың достығы жамандыққа себеп болады.

Сүфиян ибн Уйәйнә (рaх.) былай деген: “Салих жанды жақсы көру адамның Алла Тағаланы да жақсы көргені”.

Малик ибн Динар (рaх.) “Жақсы кісілермен тас тасыған жаман адамдармен бірге ең дәмді астан ішкеннен қайырлы” деген.

Әбуд-Дәрда (р.а.) былай деген: 

“Салих доспен отырған, әрине жалғыздықтан жақсы. Ал жалғыздық жаман достан артық. Жақсылық үйретушінің сөзі үнсіздігінен артық. Жамандық үйретушінің үнсіздігі сөзінен артық”.

Үш нәрсе адамның бақытынан саналады; әйелінің өзіне сай, баласының қайырлы, бауырының (досының) салихалы болғаны.

Жаман жерге баратынның тауқыметтен арылмайтыны секілді, жамандармен дос болған да салауат таппайды. 

Жағфар Садық (қ.с.) айтқан: “Ешкімге зұлымдық жасамаған, сөзіне ешқашан өтірік араласпаған, берген сөзінде тұратын адам басқалардан мынадай төрт қарымта көреді: Oның әділ жан екенін мойындайды, оны кемел кісі деп таниды, онымен дос болуға ұмтылады, oл жайлы ғайбат сөйлемейді”.

Уәһб ибн Мүнәббиһ (рaх.); “Aлла Тағала бір салих жанның құрметіне бір қауымды –жамандықтан- қорғайды” деген. 

Пікірлер Кіру