БҰРЫН...

05 қаңтар 2026 146 0
Оқу режимі
  • Бұрын әке - үйдің биі еді. Әкенің сөзінен кейін сөз болмайтын,

айтқаны - заң, кесімі - бұлжымайтын. Ал бүгінде әкенің бар-жоғы білінбей қалды.

  • Бұрын әке өзі жатпай тұрып, алдымен бала-шағасын орнына жатқызатын. Ал қазір әке кешкі сегізде ұйықтайды, баласы таңғы сегізде қыдырыстан келеді.
  • Бұрын әке баласының темекі тартқанын көрсе, жерге кіргізіп, жөнге салатын. Елуге келген ұл да тоқсан жастағы әкесінің көзінше темекі тартуға именетін. Ал қазір әке мен бала бір тал темекіні бөлісіп шегеді.
  • Бұрын үйге қайту уақыты белгіленетін, тоғыздан кешігуге болмайтын. Ал бүгінде жастардың думаны тоғыздан кейін басталып, таң атқанша созылады.
  • Бұрын әке үйге кірсе, балалар именіп, бөлмелеріне тарайтын. Әкенің өзі — тәртіп, өзі — айбат еді. Ал қазір әкеге деген құрмет саусақпен санарлық болып қалды.
  • Бұрын әке баласын үлкендердің бас қосуына ертіп апарып, сөз тыңдататын, салт-дәстүрді, мақал-мәтелді, үлкенді сыйлауды үйрететін. Ал қазір әр үйде қонақ бөлме бар, бірақ қонақ түгілі, өз адам бас сұқпайды.
  • Бұрын біреу баланың теріс қылығына шағым айтса, әке баласын қатты тыйып,алдымен тәртіпке салатын, кейін өзі барып кешірім сұрайтын. Ал қазір әке баласының теріс ісін ақтап әлек.
  • Бұрын бала көкесіне қарсы келсе, әке аямай жазалайтын. «Көке - екінші әке» деп білетін. Ал бүгінде кей әкелер балаларын туған-туысына қарсы қойып отыр.
  • Бұрын әкенің үйдегі болуы - тыныштық пен берекенің кепілі еді. Әке бар жерде -ана қадірлі, жанжал жоқ, тәртіп бар. Ал бүгінде әкенің айбаты да, ананың абыройы да әлсіреп, ата-анаға құрмет азайды.
  • Бұрын әке баласына жылқы мінуді, жүзуді, аң аулауды, мергендікті үйрететін. Ал қазір әке баласына телефон ұстап,  йын ойнауды үйретіп отыр.
  • Бұрын ас әке отырмай басталмайтын, ешкім әкенің қолынан бұрын асқа қол созбайтын. Ал қазір әркім өз уақытында тамақтанады, бірі жеп, бірі телефон шұқылап жатады,

дастарханның берекесі кетті.

  • Бұрын қырықтағы ұл да әкесінің алдында басын иетін. Алпысқа келгенде де, қателессе, әке ескерту жасайтын. Ал бүгінде он жастағы бала әкесін тыңдамайды.
  • Бұрын әке - шаңырақтың тірегі, биі, төрешісі еді. Айтқаны орындалатын. Ал қазір заң да жоқ, тәртіп те жоқ, құрмет те кеміді. Кей үйлерде тізгін басқа қолға өтіп кеткен.

СОҢЫНДА АЙТАРЫМЫЗ:

Неге бұрынғы отбасылар берекелі болды?

Неге сыйластық та, ұят та, тәртіп те бар еді?

Мектеп аз болса да, тәрбие мықты еді. Себебі бұрын

әкенің орны биік болды. Әке — шаңырақтың тірегі, тәрбиешісі, қорғаушысы, бақылаушысы еді. Ал бүгінде кей әкелер уақытын телефонға, ойынға, бос сөзге жұмсап, үйіндегі әйелін елеусіз қалдырып отыр. Қараусыз қалған әйелдің жаны жараланады, ал жаралы жанға шайтан жол табады. Сөйтіп, отбасы шайқалады,  ұндылық жоғалады, ұрпақ адасады.

«Алладан келдік, Аллаға қайтамыз».

 

Abdulakhad SMANOV

 

Пікірлер Кіру