«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ «РАМАЗАНҒА АРНАЛҒАН 200 СҰРАҚ» КІТАБЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)
03 наурыз 2026
64
0
Оқу режимі
«Әзірет Сұлтан» мешітінде Діни оқу-ағарту бағыты аясында «Рамазанға арналған 200 сұрақ» кітабы бойынша таныстырылымдық дәріс өтті.
Іс-шараға жамағат пен ізденуші жастар қатысып, Рамазан айына қатысты өзекті сұрақтарға жауап алды.
Кездесу барысында мешіттің наиб имамы Махмұд Қасым кітаптың мазмұнын кеңінен таныстырып, оразаның үкімдері, рухани тәрбие, құлшылық әдебі мен күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелер талқыланды.
Шараның мақсаты – мұсылман қауымының діни білімін арттыру, қасиетті айда жасалатын ғибадаттардың маңызын түсіндіру және қоғамда рухани құндылықтарды нығайту.




Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру