Бас мүфти ауыл имамының қайғылы оқиғасына алаңдаушылық білдірді

01 тамыз 2018 8180 0
Оқу режимі

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Боран ауылының имамы Дәурен Сапарғалиұлы мен оның екі баласының Қара Ертіс өзеніне ағып кету оқиғасы дін қызметкерлерін де алаңдатып отыр.

Қайғылы хабарға Бас мүфти Серікбай қажы Ораз алаңдаушылық білдірді. ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Шығыс Қазақстан облысының имамдарына іздестіру шараларына белсенді қатысуға, ауыл имамының отбасына тиісті көмек көрсетуді тапсырды.  

Жағдай жексенбі күні болған. Ауыл имамының 8 жасар ұлы суға түсіп, қатты ағысты игере алмаған. Батып бара жатқан баласын көрген 36 жастағы Д.Халелов бірден суға жүгіреді. Оның соңынан 19 жастағы ұлы да кеткен екен.

Куәгерлердің айтуынша, отбасы мүшелерінің үшеуі де ағысқа қарсы тұра алмай, ағып кетіпті.

Хабар құтқарушыларға жетіп, бірден іздеу шаралары басталған. Имам мен оның ұлдарын іздеуге ауыл тұрғындары да қатысуда. Бүгінде 80 адам өзен мен оның жағасында іздеу жұмыстарын жүргізуде.

Пікірлер Кіру