Бас мүфти мен вице-министр имамдармен кездесті (ФОТО)
04 шілде 2018
8062
0
Оқу режимі
Кеше Түркістан қаласы облыстық этно-мұражайы ғимаратында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі Берік Сақбайұлы қала, аудан имамдарымен кездесті.
Кездесу барысында вице-министрі Берік Сақбайұлы еліміздегі діни ахуал туралы баяндап, бірқатар маңызды мәселелер туралы айтып өтті. Вице-министр имамдардың әлеуметтік мәселесі алдағы уақытты кезең-кезеңімен шешілетінін мәлімдеді. Сонымен қатар жат ағымдармен жұмыс жасауда белсенділік танытуға шақырды.
Пікірлер
Кіру