ЕЛОРДАДАҒЫ ӘЙЕЛ ҰСТАЗДАРҒА ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

09 ақпан 2026 169 0
Оқу режимі

«Әзірет Сұлтан» мешітінде елордалық әйел ұстаздардың жылдық жоспармен танысу жиыны өтті.

Жиынға Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов, Астана қаласы Әйел-қыздар  секторының жетекшісі Күлсара Бекет және елордалық әйел ұстаздар қауымы қатысты.

Жиында қала бас имамы «Ислам және адал қоғам» жылына орай атқарылатын іс-шаралардың мазмұнымен таныстырып, бағыттар бойынша жауапты қызметкерлер бектілді. 

Күлсара Бекет әйел ұстаздарды ынтымақ пен бірлік негізінде бірігіп қызмет атқаруға, рухани тәрбие мен білім беру жұмыстарын үйлесімді жүргізуге шақырды.

Айта кетсек, биыл ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Ислам және адал қоғам» жылы болып бектілді. Діни басқарма аясында дін қызметкерлері 4 бағыт бойынша қызмет атқарады. Олар: «Ихсан және насихат», «Діни оқу-ағарту», «Дәстүр және отбасы», «Жат діни ағымдардан сақтандыру». 

Пікірлер Кіру