Ішкі істер министрінің ИГИШ жайындағы пьесасы сахналанды
10 тамыз 2018
7577
0
Оқу режимі
Тәжікстанның Ішкі істер министрі Рамазон Рахимзоданың «Дили модар» (Ана жүрегі) деп аталатын пьесасы жақында жұртшылыққа жол тартпақ. Туған-туысынан безініп, Сирияға аттанбақ болған тәжік жігітінің өмірі жайлы баяндайтын спектакльдің тұсаукесері 13-тамыз күні болмақ.
Жас жігіттің анасы ұлын іздеп соңынан Сирияға да барады. Алайда, анасы адасқан ұлын тапқанымен, өз перзентінің қолынан ажал құшады. Көзге жас үйіріп, көңілді сыздатқан спектакль соңы адасқан ұлдың өкінішімен аяқталады.
Пікірлер
Кіру