Үндістан 4 000 000 мұсылманды жер аударуы мүмкін

03 тамыз 2018 7454 0
Оқу режимі

Үндістанның Ассам штатында тұратын 4 000 000 мұсылман депортацияға ұшырауы мүмкін. олардың есімі Ұлттық азаматтық тізімге енбей қалған. Шілде айының 30-жұлдызында үндістанның Жоғары Соты 1951 жылдан бері жаңартылмаған азаматтық тізімді қайта жасап шығуын мақұлдаған болатын.

Билік өкілдерінің айтуынша, тізімге енбеген 4 000 000 жан Бангладештен келген заңсыз босқындар болуы мүмкін. ал, енді олардың Үндістан жерінде қалуы үшін 1951 жылға дейін осы жерде өздері не ата-аналары тұрғанын айғақтайтын құжаттар қажет көрінеді.

Дегенмен, Ассам штатының басшылары әзірге дүрлігудің еш себебі жоқтығын айтып отыр. Азаматтық тізімге енбей қалғандар қыркүйек айына дейін апелляцияға беруіне болады дейді.

«Кей адамдар еш негізсіз байбаламдау үстінде. Бұл тек жоба ғана, ал тізім әлі нақты емес», – дейді Ішкі істер министрі Раджнатх Сингх.

Пікірлер Кіру