Мешіт тынысы
«Әзірет Сұлтан» мешіті Орталық Азиядағы ең әдемі әрі ең зәулім мешіт. Ол Елбасының бастамасымен екі жыл ішінде салынды. Мешіттің құрлысын жүргізген Түркияның «Сембол Иншаат» компаниясы
Мешіт үш қабаттан тұрады. Мешіттің жалпы құрылыс аумағы 18000 мың шаршы метрді құрайды. Жалпы сыйымдылығы – 12000 адам. 2012 жылы 6 шілдеде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты жиында сөз сөйлеген Елбасы: «Елордада еңселі, үлкен мешіт ашылып отыр. Осы жарқын жаңалықпен және Астана күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! 4 мұнаралы сәнді және сәулетті мешіттің «Әзірет Сұлтан» деп аталуы бекер емес. Бұл - кезінде күллі қазаққа рухани орталық болған Түркістанның рухы енді елордамызда жаңғырады деген сөз. Ғұлама бабамыз Қожа Ахмет Ясауидің Түркістандағы кесенесі осылай аталатынын баршаңыз білесіздер. Енді Астананың да өз «Әзірет Сұлтаны» бар», - деді.
Бірінші қабатында дәретхана, екі неке залдары және 500 адамға арналған ауызашар, құдайы ас беретін асхана бар. Мешіттің екінші қабаты ерлерге арналған намаз оқу залы бар. Ал үшінші қабатында имамдар бөлмесі мен сыныптар, діни бағдарлама түсіретін студия, діни, рухани ағарту сайт әкімшілігі орналасқан. Және үшінші қабатында әйелдерге арналған намазхана залы бар.
Кіші залмен үлкен залға өтер жерде қабырғаға Елбасының мешітке сыйлығы «Күміс Құран» ілінген. Бұл Ресейдің Ақша зауытында арнайы осы мешіт үшін тапсырыспен жасалған. Күміс Құранның түпұсқасы Хазіреті Осман бин Аффанның әмірімен VII ғасырда жазылған. Күміс Құран 162 беттен тұрады. Жартысы келесі бетте ілінген.
Күмбез саны – 10, олардың диаметрлері – 10,45 метр. Төрт мұнараның әрқайсысының биіктігі – 77 метр. Мешітте 26 тірек бар. Мешіт аумағында 745 көлікке арналған ашық автотұрақ бар.
Мешіттің құрылысына 100 астам жергілікті және шетелдік құрылыс компаниялары ат салысқан. Құрылысқа қажетті заттар әлемнің 11 елінен алып келінген. Архитекторлар мен сәулетшілер жергілікті. Үлкен намаз залындағы күмбез Орталық Азиядағы ең үлкен күмбез. Биіктігі 51 метр ені 28 метр. Люстра арнайы осы мешіт үшін жасалған. Әйнегі таза хрустальдан, темірі латунь. Салмағы 3 тонна.
Мешіттің әлемнің өзге мешіттерінен ерекшелігі мұнда 80 пайыз ұлттық нақыш, ою-өрнек қолданылған. Күмбездегі ұлттық нақыштағы орнаменттерді жергілікті сәулетшілер қолдан құйып жасаған.
Елбасының мешітке сыйлаған көне Құран Кәрімнің салмағы 40 келі. Көне Құран Оңтүстік Қазақстан облысынан табылған. Қазақстанға шамамен XIV ғасырда әкелінген. Құранның өзі XII ғасырда жазылған. Құранды жазған каллиграф Адил Хауа бин Мунир ибн Ғибадуллах деген қари кісі.
«Әзірет Сұлтан» мешіті әлемнің ең көрікті ең үлкен 10 мешіттің қатарына енген.