Гигиеналық бөліну оразаны бұза ма?
26 тамыз 2021
10730
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Қыз-келіншектердің бойынан бөлінетін гигиеналық сұйықтық (выделение) ораза бұза ма?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Белгілі болғандай, әйел адамдарға хайыз және нифас қандары кезінде ораза тұтуға тыйым салынады. Ал, енді истихаза[1] қаны оразаны бұзбайды. Истихаза – мұрыннан тоқтамай қан келу, жарақаты қансырап тұру, кіші дәреттің ұстамауы, ішек газының жиі бөлінуі сияқты үзірлі жағдай болып есептеледі. Мұндайда, намаз да оқыла береді. Тек әр намаз уақытына арнайы дәрет алынады[2]. Сондықтан да гигиеналық бөліну оразаны еш бұзбайды.
[1] Истихаза – сырқат себепті бөлінетін қан
[2] Майдани, Лубәб шарх Әдаб Китаб, 49-бет
Пікірлер
Кіру