Оразада етеккір қанын тоқтату үшін дәрі ішу үкімі?
14 мамыр 2018
15782
0
Оқу режимі
Рамазан айында, толығымен ораза тұтып шығу ниетімен, әйел етеккір қанын уақытша кешіктіретін дәрі ішуіне бола ма?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Медициналық тұрғыдан денсаулығына зиян тимесе, хайыз қанын уақытша тоқтату үшін дәрі-дәрмек ішуіне болады. Алайда, ең абзалы мұндай дәрі-дәрмек қолданбау. Сондықтан, рамазан кезінде етеккір келсе, ораза мен намазды тоқтатып, толығымен тазалған соң оразаның қазасын өтеген жақсырақ және сауабы да мол.
Өйткені, шариғаттың талабын сай әрекет осы. Ал, тақуалық адам өзін-өзі қинау емес. Тақуалық – шариғаттың сызып берген шеңберінен аспау.
Пікірлер
Кіру