БАЛАҒА АТ ҚОЮ КІМНІҢ ҚҰҚЫҒЫ

25 қыркүйек 2023 3562 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Жақында Алланың қалауымен нәрестелі болатын едік. Сіздерден сұрайын дегенім, балаға ат қою кімнің құқығында?


Жауап

Уағалейкумассалам!

Балаға ат қою – әкенің құқығы. Шариғат бойынша, шешеге қарағанда бұл құқыққа әке лайықтырақ. Себебі, балаға тікелей жауапты адам – әкесі. Бала әкеге тиесілі болып табылады. Бұл жөнінде Құранда былай айтылады: «Бала емізетін аналарды ас-ауқат және киім-кешекпен шариғатқа қайшы келмейтін қоғамдағы ғұрыпқа сай лайықты түрде қамтамасыз ету – баланың әкесінің міндеті[1].

Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен  сәлемі болсын) өз сөзінде: «Баланың әкесіндегі ақысы үшеу: дүниеге келгенде әдемі есім қою, ақылы кіргенде дінді үйрету және ер жеткенде үйлендіру»,[2] – дейді.

Дегенмен, бір отбасы болғандықтан, өзара ақылдасып, бірауыздан келісе отырып балаға әдемі ат таңдаған жақсы болады. Алла Тағала өзінің кітабында мүміндердің сипатын былай баяндайды: «Олар барлық істерін өзара кеңесе отырып істейді»[3].

Қазақ дәстүрінде тұңғыш немересіне ат қою құрметі көбінесе ата-әжесіне табысталады. Себебі, қазақтың «Қарты бар үйдің – қазынасы бар» деген мақалы бекер айтылмаған. Немере туғанда әкесі сый-құрмет ретінде ат қою ақысын өз әкесіне табыстайды. Өйткені, әке – баланың өмірге келуінің себепшісі.  

 


[1] «Бақара» сүресі, 233- аят.
[2] Самарқанди, Танбих ал-ғафилин 152-хадис.
[3] «Шура» сүресі, 38- аят.

Автор: Айдос

Пікірлер Кіру