ПЕРІШТЕЛЕР ӘРБІР ҚАР (ЖАҢБЫР) ТҮЙІРШІКТЕРІН ЖЕРГЕ АЛЫП ТҮСЕ МЕ?

23 тамыз 2024 1412 0
Оқу режимі

Сұрақ: Періштелер әрбір қар (жаңбыр) түйіршіктерін жерге алып түсе ме?


Жауап

Жауап: Құдай еш нәрсеге, ешкімге де мұқтаж емес. Ол – жалғыз. Барлығы Оған мұқтаж. Ол – Құдірет Иесі. Жаралған әрбір болмыс пен оқиғаның белгілі бір себебі бар. Құдай Тағала әрбір нәрсені өлшеммен жаратқан.

Жеміс-жидектің пайда болуында жеміс ағашының, сүт алуда сиырдың, бал алуда араның орны мен маңызы қандай болса, періштелердің де өз міндеттерін орындаудағы маңызы сондай. Сондай-ақ, Алланы ұлықтау, тасбих айту, жаратылыс шеберлігін, оның көркемдігі мен мәнін ойлау, құлшылық жасау үшін міндеттелген періштелер де болады.

Мысалы, Жәбірейіл періште – періштелердің ең үлкені. Ол Алла мен пайғамбарлардың арасында елші болуға міндеттелген. Құдайдың қасиетті кітаптарын пайғамбарларға жеткізеді. Құранды Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) жеткізген де осы періште.

Исрафил періште – қияметтің орнауы мен адамдардың өлімнен соң қайта тірілуіне жауапты періште.

Әзірейіл періште дәм-тұзы таусылған адамдардың жанын алуға міндеттелсе, табиғат құбылыстарын (жаңбырдың, қардың жаууы, желдің есуі, жерден егін өсіп шығуы сияқты т.б.) басқарып, тәртіпке келтіріп тұру міндеті Микайыл есімді періштеге жүктелген. Бұл періште жоғарыда айтқанымыздай табиғаттағы құбылыстардың барлығына жауапты. Осыдан болса керек, кейбір азаматтар әрбір жаңбыр мен қар түйіршіктерін жер бетіне алып түсетін періштелер бар деп қате түсінсе керек.

Негізінде періштелерді де, қар мен жаңбыр түйірін де жаратқан Алла.

 

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

 

Автор: Қожанов Қасым

Пікірлер Кіру