Оқылмаған намаздардың қазасын өтеудің дәлелі бар ма?
Ассалаумағалейкум! Сіздерден білгім келгені, намаздың қазасын өтеу міндетті ме? Жалпы, шариғатымызда намаздың қазасын өтеуге қатысты не айтылған? Еркебұлан Н.
Жауап
Уағалейкумассалам! Оқылмай қалған парыз намаздың қазасын өтеу – парыз. Үтір намазы оқылмай қалса, оның қазасын оқу – уәжіп. Сондай-ақ, оқи бастап, бірақ аяқталмай қалған сүннет намаздары мен нәпіл намаздарының қазасын өтеу де уәжіп амалына жатады[1].
Алла Елшісі (с.ғ.с.) өзінің мүбәрак бір хадисінде:
من نسي الصلاة ، فليصلها إذا ذكرها، فإن الله - تبارك وتعالى – يقول : واقم الصلوة لذكري رواه المالك
«Кім намазды ұмытып, оқымай қалса, есіне түскенде (қаза етіп) оқысын. Шындығында Алла Тағала: «(Ұмытқан) намаздарыңды естеріңе түскенде оқыңдар!»[2], -деген»[3].
[1] O.N.Bilmen. Ilmihal; Prof.Doktor H.Donduren, Islam Ilmihali – 471 бет.
[2] Табари тафсирі, Тоха – 14.
[3] Малик, Муатта – 25.