Түсі өзгерген сумен дәрет алуға бола ма?

27 қараша 2019 10133 0
Оқу режимі

Ассалаумағалейкум! Біздің қалада кейде шүмектен қоңыр түсті  су ағады. Амал жоқ сол сумен дәрет алып, ғұсылданып жатамыз. Сіздерден сұрайын дегенім, сол су дәретке жарамды ма?  Әділ, Актау.


Жауап

Әділ мырза, Ханафи мәзһабы бойынша, егер суға таза зат араласса және осы арласқан зат себебінен судың  үш сипатының үшеуі де (яғни дәмі, түсі және исі) бірден өзгерсе немесе суға тән сұйықтығы жоғалса, бұл сумен дәрет алуға болмайды[1].  Ал,  қалалық жерлерде шүмектен аққан қоңыр түсті су өзінің түсін жоғалтқанымен, көбіне дәмі мен исі сақталған болады. Сондықтан, ол сумен дәрет алып, ғұсыл құйына берсеңіз болады.

 


[1] Дамад Эфенди, Мәжмәғуль Әнһур – 1/44 бет.; Маусули, Ихтияр – 1/65 бет.

Абдусамат Қасым

Тегтер: ғұсыл дәрет
Пікірлер Кіру