Жеті атаға дейін қыз алыспаудың дінде негізі бар ма?
03 қыркүйек 2020
10577
0
Оқу режимі
Ассаламу алейкум! Қазақтың жеті атаға дейін үйленуге болмайды деген салт-дәстүрінің дінімізде негізі бар ма?
Жауап
Уа алейкум ассалам!
Жеті атаға дейін қыз алыспау салты – ұрпақтың дені сау және ақыл-есі дұрыс болуының кепілі. Ерлі-зайыптылардың бір-біріне тегінің жақындығы баланың физиологиялық және психологиялық тұрғыдан науқас боп туылуы қаупін күшейтеді. Хадисте: «Жақын ағайын туыстан қыз алмаңдар, өйткені бала әлсіз боп туады»,[1] – деп айтылған.
Қорыта айтқанда, жеті атаға дейін құда болмау салты – салауатты ұрпақты дүние алып келудің бірден-бір кепілі.
[1] У.Зуһайли, Ислам фиқһ энциклопедиясы, 8-том, 28-бет
Пікірлер
Кіру